Ішкі жыныс мүшелерді бимануальды қарау
Мақсаты: Ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Құрал-жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық ,бір рет қолданылатын резеңке қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Әйелге осы тексерудің мақсатын түсіндіріңіз.
2. Қуықты босатудың қажеттілігін түсіндіріңіз.
3. Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне арқасымен ( аяғын тізе, жамбас сан буынында бүгіп, бұтын ашып) жатқызыңыз.
4. Тексеру барысында тыныштық қалыпта болуын түсіндіріңіз.
5. 1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.
6. Сол қолдың 1, 2 ші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашыңыз.
7. Оң қолдың 2,3 ші саусағын қынапқа енгізіңіз(бас бармақ қасаға қарап орналасуы керек).
8. Оң қолдың саусағын қынапқа енгізіп, қынаптың және қынап күмбездерінің жағдайларын анықтаңыз.
9. Сауақтарды жатыр мойнының астына енгізе отырып, сол қолды құрсақ үстіне орналастырып саусағымен жатырды басып тексеріңіз.
10. Жатырды сипалай отырып оның орналасуын, көлемін, пішінін, тығыздығын, қозғалыстығын, ауру сезімін анықтаңыз.
11. Сыртқы және ішкі саусақты жатырдың бұрышынан жамбастың беткейлі бөлігіне дейін ауыстырыңыз. Жатыр түтігін, аналық бездің, көлемін, пішінін, ауырсыну сезімін, қозғалысын анықтаңыз.
12. Оң қолдың көмегімен жамбастың ішкі беткейін (сегізкөз ойысын, мүйісін) сипаңыз.
13. Оң қолды жатырдан шығара отырып, оны мұқият қарап оның қосалқы бөліктерін жамбас қуысын қараңыз.
14. Қолғапты шешіп оны профилактикалық инфекциялық ережесіне сәйкес тастаймыз.
15. Қолыңызды сабынмен жуып, құрғатамыз.
|
IV. практикалық дағдылардың тізбесі
Достарыңызбен бөлісу: |