Кафедра:№1 Акушерия және гинекология



бет11/18
Дата01.12.2022
өлшемі1,67 Mb.
#160785
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Толықтырылған Айдынғали Орынгүл Күнделік Акушерия мен Гинекология 407А практика

Резус-факторды анықтау.
Керекті құрал жабдықтар.
1. Универсалды антирезус реагент.
2. Пробиркалар.
3. Пастер пипеткасы.
Натрий хлоридының изотониялық ерітіндісі (физ р-р).
Анықтау техникасы.
1. Пробирканың түбіне пипеткамен 2 тамшы стандартты антирезус реагент және 1 тамшы тексерілетін қанды тамызамыз.
2. Екеуін араластырамыз, пробирканы сілкуге болмайды. Пробирканы жайлап
горизонталды қалыпқа дейін келтіріп, ішіндегісін қабырғалар бойы ағызу керек.
3. 3 минут бойы пробирканы осылай қозғап тұрамыз.
4. Сонан соң пробиркаға 2-3 мл натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісін құямыз.
5. Егер пробиркада агглютинация реакциясы жүріп, түбінде жапырақша тәріздес тұнба пайда болса және бетіндегі ерітінді мөлдір болып келсе, бұл қан резус оң мәнді болып саналады.
Егер пробиркада агглютинация реакциясы байқалмай, ерітінді сары- қызғыштау түске
боялса (тұман тәрізді), бұл қан резус теріс мәнді болып саналады.



Функциональды диагностика кабинетінің жұмысына қатысу
Қосымша зерттеу әдістері: УДЗ,доплерометрия,КТГ.
УДЗ-ні жүктіліктің барлық мерзімінде кезеңімен қолдануға болады. Оның жүктілерге және ұрыққа ешқандай зиянды әсері жоқ.
Негізгі акушерлік көрсеткіштер: жүктілік мерзімін,ұрықтың өсіп-дамуын,оның бағытын,орналасуын және плацентаның орнын,нәрестенің кемтарлығын,егіз жүктілікті анықтау.
Алғашқы УДЗ (10-14 апта ) - жүктілік мерзімін нақты анықтауға, ұрықтың дамуында қандай да бір ауытқушылықтар бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді.
20-24 аптада - барлық ұрық органдары толықтай дамып, қалыптасады. Осы кезеңде жасалатын УДЗ сол дамыған ағзалардың қалыпты жағдайдан ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді:
ұрықтың бет-пішінін,
• көзінің арақашықтығын байқап,
• мұрын сүйегінің ұзындығын,
• ерін және таңдай жырығы ауруларын көруге болады.
Ми, жүрек, асқазан, өкпе, бүйрек, ішек, қуық, омыртқа қалай дамып жатқаны туралы да білуге болады. Сондықтан осы кезеңдегі УДЗ-ның маңызы жоғары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет