Кафедрасы



Pdf көрінісі
бет61/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   108
Байланысты:
459822.pptx
Бақылау сұрақтары 
 
1. Атмосфера, оның құрамы мен құрылымы. Атмосфера функциясы. 
2. Адам мен тірі организм үшін ауа орасының маңызы
3. Атмосфералық ауаны халық шаруашылығында қолдану 
4. Атмосфералық ауаны пайдаланумен байланысты экологиялық проблемалар 
5. Ауа биогендік элементтер көзі ретінде 
 
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
Дәріс №10 Рекреациялық қорларды пайдалану 
 
Дәріс мақсаты
: магистранттарға рекреациялық
 
қорлар
 
мен оларды қорғау шаралары 
туралы білім беру 
 
Дәріс жоспары: 
1.
Рекреациялық ресурстары туралы түсінік 
2.
Рекреация типтері 
3.
Рекреацияның дамуындағы рекреациялық потенциал 
1.
 
Рекреациялық ресурстары туралы түсінік 
Адамның денсаулығын, психикалық және физиологиялық жайлылығын сақтауға ықпал 
ететін ауа-райы және климаттық факторлар рекреациялық ресурстар ретінде 
қарастырылады. 
Денсаулық үшін климат пен ауа-райының маңызы зор: қолданыстағы есептеулер 
бойынша ауа-райы мен климаттық жағдайлардың адам денсаулығына қосатын үлесі 20% 
құрайды (өмір салты - 50%, генетика - 20%, денсаулық сақтау деңгейі - 10%). 
Аумақтың рекреациялық пайдалануға жарамдылығы жайлы ауа райы мен ауа райының 
мынадай шектеулі жағдайлармен қайталануы негізінде анықталады: 
- ауа-райының орташа тәуліктік температурасы 27,5
0
С жоғары өте құрғақ және ыстық 
ауа-райы: 
- ауаның орташа тәуліктік температурасы 23
0
С және салыстырмалы ылғалдылығы 90% 
болатын жылы және ылғалды ауа-райы
- күндізгі орташа температурасы -22.5
0
С төмен аязды ауа-райы, желдің жылдамдығы 4 
м/с-ден жоғары, 
- желдің жылдамдығына қарамастан ауа температурасы -32.5
0
С-тан төмен аязды ауа-
райы. 
Ыңғайлы, қолайлы ауа-райы деп дені сау адам ыстықты да, суықты да сезбейтін, яғни 
өзін жақсы сезінетін метеорологиялық шамалардың жиынтығы қарастырылады. 
Метеорологиялық жағдайлар бойынша жайлылық аймағы барлық адамдар үшін 
стандартты емес және ол климаттық белдеуге, жыл мезгіліне, салмағына, дене бітіміне, 
қозғалыс немесе тынығу күйіне, киіміне, адамның нақты іс-әрекетіне және басқа 
факторларға байланысты. 
Ауа-райы мен климаттық жағдайларға реакция негізінен адамдардың жасына, 
жынысына және тұрақты тұрғылықты жеріне байланысты: егде жастағы адамдарда бұл 
айқынырақ көрінеді, және төмен температурада әйелдер ер адамдарға қарағанда өздерін 
жайлы сезінеді. 
Рекреация үшін климаттық жағдайларды бағалауға шомылу маусымының шарттары - 
шомылуға қолайлы күндер жиілігі кіреді. Су температурасы 17
0
С-тан төмен емес болса 
қолайлы, ал 17-19
0
С температура сергітетін, шыңдалған, сау ересек тұрғындар үшін 
қолайлы, 20-24
0
С - бейтарап, 25
0
С және одан жоғары - жылы, тұрғын халықтың барлық 
типтеріне қолайлы темпертаура болып саналады. 
Жылу сезіну қолайлылығының ең объективті индикаторы - бұл терінің беткі қабатының 
орташа температурасы, бұл жағдайдағы қолайлылық 31-33 
0
С аралығында болады. 
Температураның тепе-теңдігі, қыстың ұзақтығы мен желдің үйлесімі бойынша 
есептелген ыңғайлылық индексінің мәндері рекреациялық қызмет үшін Қазақстан 
Республикасының аумағын климаттық жағдайлардың жайлылық дәрежесі бойынша 
аудандастыруға мүмкіндік береді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет