Кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет62/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   108
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
ХХ ғасырда туризм дүние жүзінің көптеген аймақтарында аса маңызды массалық 
құбылысқа айналды, сол үшін рекреация феномені ғылымның зерттеу объектісі болды. 
Көптеген мемлекеттерде туризм шаруашылықтың маңызды саласы болып калыптасты, 
мысалы, Франция, Италия, Испания елдеріне жылына ондаған миллион туристтер келеді, 
олардың саны мемлекет халқының санынан асады. Көптеген мемлекеттерде туризм саласы 
ішкі өнімнің жартысынан астам бөлігін құрайды. Рекреациялық әрекет және туризм 
территорияны игерудің фундаментальдық процестерінің құрамына жатады. КСРО кезінде 
рекреация мәселелері бойынша теориялық еңбектер ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдары 
жарияланып басталды. Қазіргі таңда рекреация адамдардың өмір сүруінде аса маңызды 
орын алады. 
Рекреация деген латын тілінен аударғанда recreatio – қайта қалпына келу деген, яғни 
адамның физикалық және рухани күштерін еңбек әрекеті процесінде жұмсалуынан қайта 
қалпына келтіру, оның денсаулығының және жұмыс істеуінің деңгейін көтеру. 
Рекреациялық әрекет белгілі бір территорияның рекреациялық потенциалын анықтайтын 
рекреациялық ресурстарға негізденеді. 
Рекреациялық ресурстар
деп рекреациялық іс-
әрекеттің түрлерін ұйымдастыруда пайдаланатын бірегейлілік, тарихи немесе 
көркемөнерлік бағалыққа, эстетикалық ажарлылыққа және емдеу-сауықтыру маңыздылық 
қасиеттеріне ие болатын табиғи және антропогендік объектілерді түсінеді. Адамның 
денсаулығын және еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру және ондай жағдайды сақтау 
ретінде демалуды қамтамасыздандыратын табиғи және мәдени ресурстарының белгілі бір 
бөлігі рекреациялық ресурстары деп аталады. Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру 
кешенді сипатқа ие, себебі кез келген рекреациялық жүйеде өзара әрекеттесуге демалатын 
адамдар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы
өндірістік сфера, еңбек ресурстары, қоныстану жүйелері. 
Территориялық рекреациялық жүйелер
туралы түсінік. Қазіргі рекреациялық 
географияның зерттеу пәні территориялық рекреациялық жүйелер (ТРЖ) болып табылады. 
Сонымен қатар рекреациялық география география, экономика және мәдениеттанудың 
түйіскен жерінде орналасқан «шекаралас» ғылымға жатады. Қазіргі ТМД елдеріндегі 
зерттеушілер бойынша рекреациялық географияның негізгі үш көзқарасы ажыратылады: 
- қоршаған орта көзқарасы (физикалық-географиялық бағыттар зерттеледі); 
- әрекеттік көзқарасы (адамның іс-әрекеті және оның мінезі зерттеледі); 
-субъективтік 
көзқарасы (адамдардың қабылдау қасиеттерін және олардың 
ерекшеліктерін зерттейді). 
Материалдық заттар, жүйелер, процесстер және құбылыстар рекреацияның объектілері 
болып табылады. Рекреацияның субъектері деп рекреациялық әрекетпен шұғылданатын 
адамдары түсінеді. Рекреациялық географияның көзқарасынан өзінің әлеуметтік мәдени 
біліміне стандартына сәйкес өзінің күшін қайта қалпына келтіруге бағытталған адамдардың 
әр түрлі іс-әрекетін рекреациялық әрекет деп атауға болады. Мұның ішіне рекреацияның 
тәулікті, апталық, кварталдық, жылдық және өмірлік циклдері кіреді. 
Н.Ф. Реймерс бойынша, адамның денсаулығын, оның еңбекке қабілеттілігін қайта 
қалпына келтіру үйден тыс болу қажет, яғни туристтік саяхатта, санаторияда, демалу 
үйлерінде т.б. Мұндай пікір, рекреация демалудың синонимі ретінде қарастыруға себеп 
береді. Осы көзқарастан демалудың белсенді және пассивтік түрін ажыратады. Белсенді 
түрі басым туристтік, спорттық тағы басқа қозғалмалы әрекетпен байланыстарады. Ал 
пассивтік демалу, жалпы қозғалыстардың барлық түрлерін тыс демалу. 
Демалу процесінің ұйымдастырылуы бойынша 
ұйымдастырылмаған және 
ұйымдастырылған д
емалу түрлеріне бөлінеді. Ұйымдастырылған демалу рекреациялық 
ресурстарды пайдалануды басқарылатын процес түрінде болады, яғни демалу процесі 
уақыт, кеңістік т.б. көрсеткіштер бойынша шектелген, арнайы маршруттар бойынша, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет