Кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет63/108
Дата15.02.2023
өлшемі1,66 Mb.
#168875
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   108
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: алтыншы 
жалпы барлық рекреациялық объектілерді және процестерді белгілі бір тәртіпке бейіделген 
болады. Ұйымдастырылмаған демалу түрі белгілі бір жүйеге немесе тәртіпке жатпайды
яғни қызмет көрсету саласы жоқ жағдайда өткізілетін демалу. 
Рекреациялық ресурстарды жалпы түрде 
табиғи және антропогендік
түрлеріне бөледі. 
Рекреациялық ресурстардың табиғи түрлерін климаттық, гидрминеральдық, су, орман, 
таулы ресурстары және теңіз жаға бойының ресурстары жатады. Антропогендік 
рекреациялық ресурстарға мәдени-тарихи ескерткіштер, қалалар және басқада елді 
мекендер, бірегей (уникальный) техникалық құрылыстар т.б. 
Рекреациялық ресурстарды түрлері бойынша ажыратады, мысалы, туризм ресурстары, 
емдеу ресурстары т.б. және функциялары бойынша курорттық немесе емдеу, сауықтыру, 
спорттық және экскурсиялық-туристтік немесе тану мақсатында пайдаланатын ресурстары. 
Ғылыми географиялық әдебиетте 
«рекреациялық объект», «рекреациялық территория» 
және «территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ)»
деген терминдер қолданады. Қазіргі 
таңдағы анықтамалар бойынша демалуға ерекше жағымды қасиеттерге ие ауданы бойынша 
шектелген кез келген орын – 
рекреациялық объект
болып табылады, Ниагара 
сарқырамасы, Шардара су қоймасының плотинасы т.с.с. Адамның денсаулығын және еңбек 
қабілеттілігін қайта қалпына келтіру, жалпы демалуға арналған су акваториясының немесе 
құрлықтың учаскесі – 
рекреациялық территория
болып табылады, ұлттық парктер, 
ормандар, көлдер т.б. 
Территориялық рекреациялық жүйе
деп өзара байланысқан жүйе 
тармақтарынан тұратын (табиғи және мәдени кешендерден, техникалық құрылыстардан
қызмет көрстеу персоналдан, басқару органдардан және демалушылардан) геожүйе болып 
табылады. 
Рекреациялық іс-әрекет процесінде пайдаланатын территория мен жүйелердің 
объектілері негізінен табиғи және мәдени ескерткіштер болып келеді. Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік қорықтар, табиғи ескерткіштер, ұлттық парктер, 
заказниктер туралы ережеде, ғылыми, мәдени-тануда және сауықтыру қатынаста бағалы 
болып табылатын бірегей (уникальный) немесе типтік табиғи объекттер, кіші-гірім 
урочищелер болып келетін (өзеннің, көлдің, жаға бойының, жеке бір тау жотасы), жеке 
объекттер (геологиялық ашылулар, үңгірлер, ерекше өсіп жатқан ағаштар, т.с.с., сонымен 
қатар тарихи немесе мәдени ескерткіш ретінде мойындалмаған немесе табиғи-мәдени 
ескертікштер құрамына кірмеген жасанды объекттер – ескі паркттер, тоғандар т.с.с. табиғи 
ескерткіштер деп жарияланады. 
Мәдени ескерткіштерге архитектуралы-құрылыс, археологиялық, діни және басқада 
ұқсас объектілер жатады.
Мәдени ескерткіштерді бес топқа ажыратуға болады: 
1) археологиялық ескерткіштер
2) тарихи ескерткіштер (ғимараттар, тарихи оқиғалармен, қоғамның, ғылымның және 
техниканың дамуымен, мәдениет және тұрмыспен, көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің 
өмірімен, халық батырларымен, ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлерімен байланысты); 
3) архитектуралық ескерткіштер (архитектуралық ансабльдер, ескі қалаларданың 
қалдықтары, діни архитектура т.с.с.); 
4) өнер ескерткіштері (скульптуралар, саябақ өнері т.с.с); 
5) мемориалдық ескерткіштер (кесенелер, монументтер, мешіттер, шіркеулер т.с.с.). 
Демек, табиғаттың және мәдениеттің ескерткіштері, демалушылардың белгілі бір 
ландшафттарға келуінің негізгі себептері болу мүмкін. 
Жоғарыда көрсетілген территориялардан тыс, демалушылардың апта бойы қысқа 
мерзімді демалу мақсаттымен баратын, жалпы мақсатта пайдаланатын саябақтар, ормандар, 
елді мекендердегі жасыл учаскелері рекреациялық ресурстары ретінде пайдалануда. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет