Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым: алтыншы
Дәріс №11 Жануарлар қорларын қорғау
Дәріс мақсаты
: магистранттарға биологиялық ресурстар және биологиялық алуан түрлілік
мәселелері мен оларды қорғау шаралары туралы білім беру
Дәріс жоспары:
1. Биологиялық ресурстар түсінігі
2. Жануарлар қорлары, оларды пайдалану
3. Жануарлар қорларын қорғау шаралары
1.
Биологиялық ресурстар
биосфераның орта түзуші барлық тірі
құрауыштары -өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан,
мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Дегенмен биологиялық
ресурстар сан жағынан қалпына келгенмен, сапа жағынан қалпына келе қоймайды, оған
себеп: тірі түрдің, оның ішінде ірі жүйелі топтың немесе экожүйенің жойылып
кетуі. Биологиялық ресурстар тірі табиғат объектілерінде жинақталған адамға қажетті
материалдық және рухани байлықты алудың көздері мен алғы шарты. Биологиялық
ресурстар өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары және т.б. болып
бөлінеді. Олардың ішінде генетикалық ресурстардың маңызы ерекше. Генетикалық
ақпараты бар материалды тасымалдаушылар, оның ішінде жеке гендер мен олардың
комбинациялары, гендерден кіші ДНҚ фрагметтері, сонымен бірге, кері транскрипция
көмегімен ДНҚ-ға өзгертілетін РНҚ үлгілері- генетикалық ресурстар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: