Кайкенова А. М., Даутова Ж. О. Мемлекеттік тілде ісқАҒаздарын жүргізу пәнінен дәрістер жинағЫ



бет24/64
Дата24.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#198974
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
Байланысты:
Делопроизводство ВКГК им.Абая 2021 г.

АҚПАРАТ ХАТ – белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат.
ЦИРКУЛЯР ХАТ – белгілі бір мекеменің бөлімшелеріне атқаратын қызметіне бай­ланысты тапсырма беру сипатындағы бір мезгілде жөнелтілетін хат.


Қызметтік хаттарға қосымша
1. Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі – айты­латын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де, қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады.
2. Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкер- лерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақ- сатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
3. Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және ақпараттық хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады және сұратуға жауап болып табылады.
4. Бас тарту хат қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік болмағанда немесе өтініш (бұйрық, тапсырма т.б.) заң актілеріне қайшы келген жағдайға оны орындамау туралы хат түрінің бірі болып табылады.
5. Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың немесе қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант ұйым өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық күші болады.
6. Жауап хаттың мәтіні бастама құжаттың мазмұнына байланысты болады. Мұнда хатқа, сұрау салуға, өтінішке, үндеуге, ұсынысқа, талап етуге байланысты жауап жіберіледі. Жауап хатта жауап берілетін бастама (кіріс) хаттың индексі мен күніне сілтеме берілуі тиіс. Егер бастама хат жеке тұлғадан түссе, сілтемеде кіріс құжаттың түскен күні көрсетіледі. Мәтінде бастама хатқа байланысты қабылданған шешім беріледі: ұсыныстан бас тарту, өтінішті орындау, сұрау салуға жауап. Жауап нақты, анық түрде берілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет