Сенімхаттың ерекшелігі:
1) Жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
2) 3 түрге бөлінеді.
Сенімхатты мынандай түрлерге бөлуге болады:
1. Бас сенімхат.
2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
3. Арнайы сенімхат.
1. Бас сенімхат дегеніміз – белгілі бір тұлғаға толықтай құқық беретін құжат. Мысалы, көлік жүргізуде көлік иесімен бірдей құқықта болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т.б. болады.
2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат дегеніміз – әртүрлі іс-әрекеттер орындауға белгілі бір мерзімге ғана құқық беретін құжат. Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т.б. болады.
3. Арнайы сенімхат дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында сенім білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.
Құрылымы:
1. Құжат атауы;
2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);
3. Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);
5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;
6. Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін күшін сақтайтыны туралы);
7. Сенімхат берушінің қолы;
8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;
9. Нотариустың аты-жөні, қолы, мөрі.
Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:
Сенімхат мерзімі аяқталғанда;
Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;
Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;
Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда;
Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда.
Достарыңызбен бөлісу: |