Кайкенова А. М., Даутова Ж. О. Мемлекеттік тілде ісқАҒаздарын жүргізу пәнінен дәрістер жинағЫ


Жоспар Аударманың мақсаты мен міндеттері



бет55/64
Дата24.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#198974
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Байланысты:
Делопроизводство ВКГК им.Абая 2021 г.

Жоспар

  1. Аударманың мақсаты мен міндеттері

  2. Сөзбе-сөз аударма



Аударма — әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге кешіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.
Аударма дегеніміз – кейбір аспектілері әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәндері бола алатын күрделі, көп қырлы құбылысы. Аударма жүргізу шеңберінде психологиялық, әдебиеттік, этнографиялық және аударма әрекетінің басқа да жақтары,сонымен бірге аударма қызметінің тарихы зерттелінеді. Қазіргі заманға аударма жүргізуде негізгі орынды аударманы лингвистикалық теориялық бөлігін лингвистикалық аударма теориясы құрайды.
Аударманың мақсаты — тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек. Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте altнемесе толық құндылықта беру процесі. «Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін – ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады.
Аударма теориясы өз алдына мынадай негізгі міндеттерді қояды:
-Аударманың жалпа лингвистикалық негізін ашып суреттеу.
-Аударманы лингвистикалық зерттеудің объектісі ретінде анықтау, оның басқа тілдік арақатынастарды айырмашылығын көрсету;
-Аудармашылық қызметінің түрлерін топтастырудың негізін жасау;
-Оригинальдық мәтіндердің және аударманың қарым – қатынастық тең құндылығы ретінде эквивалеттіліктің мәнін ашу;
-Әртүрлі тілдерді біріктіру үшін жеке және арнайы аударма теориясын құрудың ерекшеліктерін және жалпы принциптерін жасау,
-Аударма процесін оригинальдық мәтінді аударма мәтініне ауыстырудағы аудармашының әрекеті ретінде ғылыми сипаттаудың жалпы принциптерін жасау;
-Аударма процесінде прагматикалық және қоғамдық лингвистикалық факторлардың әсерін ашу;
-«Аударма нормасы» ұғымын анықтау және аударма сапасын бағалау принциптерін жасау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет