сарайлық – монархтар сарайында бекітілген тәртіп пен қызмет көрсету түрлері;
дипломатиялық – түрлі кездесулер, сөйлесулер кезінде қызметкерлер мен ресми тұлғалардың өздерін ұстау ережесі;
әскери – әскерде тәртіп құратын жалпы ережелер мен нормалар жиынтығы;
жалпы азаматтық (кеңестік) – азаматтар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде сақтайтын ережелер, дәстүрлер және шарттылықтар;
іскерлік – іскерлік, қызметтік қарым-қатынас кезінде ережелер жиынтығы. Ол іскер адамның кәсіби мінез-құлық моралінің ең маңызды жағы болып саналады.
Қызметтік этикет мінез-құлық нормалары мен ережелерін ұзақ уақыт бойы іріктеу нәтижесі болып табылады, ол іскерлік қарым-қатынастардың табысты болуын қамтамасыз етеді. Іскерлік этикет ережелері, өзін ұстай білу мәдениеті әлемдегі барлық бизнесмендердің экономикалық және қаржылық мүдделерінің жақындасуына ықпал етеді.
Эитикет талаптары: Бостандық: іскерлік этикет ережелері мен нормалары болып, орындалып жатса да, олар бизнесте серіктестік таңдау еркіндігіне, тараптар арасындағы келісімнің орындалу әдісін таңдау еркіндігіне кедергі болмауы керек. Еркіндік, бостандық дегеніміз - ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлерге, түрлі пікірлер мен көзқарастарға сабырлықпен қарау.
Әдептілік : іскерлік этикет мейірімділікке бағытталған және адал, әділ болуы керек.
Жайлылық: іскерлік этикет нормалары мен ережелері бизнестегі серіктестер үшін ыңғайлылық, жайлықты қамтамасыз етеді; олар іскер адамдарды ыңғайсыз жағдайда қалдырмауы керек, іскерлік қарым-қатынастардың дамуына кедергі болмауы қажет. Барлығы да – қызметтік кабинеттің жабдықталуы, киімдері, сөйлесулер жүргізу ережелері ыңғайлы болуы керек, яғни барлық қатысушылар да бірдей деңгейде жайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі.
Мақсаттылық: іскерлік этикеттің әрбір алғышарттары мақсаттарға қызмет етеді.Себебі іскерлік қарым-қатынастар (ашылу рәсімі, сөйлесулер, іскерлік әңгімелесулер және т.б.) түрлерінің нақты мақсаттары болады.
Консерватизм: сенімділік, тұрақтылық, төзімділік – іскерлік әлеміндегі тартымды сипаттар. Киім киісіндегі, мінезіндегі консерватизм, дәстүрлерді ұстанушылық тиянақтылық және ұзақ мерзімділікті білдіреді.
Өзін еркін ұстау: этикет нормалары шынайы, онда қобалжу, алаңдаушылық болмайды, оңай қолданылады. Оларды сақтау үшін ешкімге қысым көрсетілмей, психологиялық мәжбүрлеу болмауы керек.
Жан-жақты болу: этикет нормалары іскерлік қатынастардың әр тараптарына бағытталады.
Тиімділік: іскерлік қарым-қатынастар стандарттары келісшарттардың орындалу мерзімінің қысқаруына, ұйымдағы дау-жанжалдардың азаюына ықпал етеді.
Өндірісті басқару үрдісі тек техника, технология, экономикамен ғана емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі адамдардың моральдік-эстетикалық қарым-қатынас саласымен де байланысты болады.
Басқару этикасы – басқару жүйесі қызметкерінің басқару үрдісінде адамдармен қарым-қатынасындағы өзін ұстай білу ережелерінің жиынтығы.
Этика нормаларының қатыстық сипаты бар, яғни адамдардың қалыпты қылықтарының жағымды, жағымсыз жақтарын білу
№32 Дәріс. Аударма техникасы. Мәтіндерді сөздікпен аудару