САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ: Қайрат туралы шығарылған газет (”Қайсар туған Қайрат”). Желтоқсан туралы жалынды сөздер жазылған плакаттар (”16 желтоқсан бүкілхалықтық мереке”, ”Лаула, Лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы!”) Қайраттың сан сыры бейнеленген сөздер, магнитофон.
СЫНЫПТЫ БЕЗЕНДІРУ:
Жоғарыдағы плакаттар және түрлі түсті шарлар ілінеді.
Сот залы
Түрме
Тәрбие сағатының барысы:
Музыка ойналып, залдың екі жағынан екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 15 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
1-жүргізуші:Бүгінгі ”Желтоқсан жаңғырығы” деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.
1-жүргізуші: Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Достарыңызбен бөлісу: |