Камелхан Имашхан №21 кәсіптік лицейінің химия және информатика пәнінің оқытушысы


Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар. Сот



бет6/7
Дата14.12.2021
өлшемі55 Kb.
#126578
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-14035

Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.

Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: Бар.

Ақтық сөз” өлеңін оқиды.



Қайрат:

”Ақтық сөзің не?” – деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

”Еркек тоқты - құрбандық”,

Атам десең атыңдар!

Хош аман бол артымда,

Ағайын, туған-азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!



Сот: -Бүгінгі сот жабық.

Екі жендет Қайратты залдан жетеледі. Осы кезде апасы баласының соңынан жүреді.”Қайрат” анама өлеңін оқиды.



Қайрат:

Мейірімді ақ жүзіне анамның,

Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын.

Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,

Кемістігі көп-ау мына балаңның.

Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,

Өкінем де, басымды иіп өтінем.

Кешір, ана, кешірімшіл едің ғой,

Қолыңнан тым ерте ұзап кетіп ем.

2-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.

1-жүргізуші:



5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?

6-оқушы: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. Желтоқсан оқиғасы туралы режиссер Қалдыбай Әсенов түсірген ”Аллажар” фильмінің басты кейіпкері де – Ләззат.

”Атамекен”-әні. (бір оқушы орындайды).

2-жүргізуші:

6-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?

7-оқушы: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді.Ол үміттері ақталмады. Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды.Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет