Карагандинская государственная медицинская академия


«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СОӨЖ



бет5/18
Дата13.03.2023
өлшемі58,41 Kb.
#172097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ӨСОЖ - ЭЖ-1

«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША 3 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СОӨЖ
«АУРУ МЕХАНИЗМДЕРІ. ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ»
«ФАРМАКОЛОГИЯ» ПӘНІ


НҰСҚА 4


Тақырыбы: «Қалқанша безінің ауруларын фармакологиялық түзету принциптері»

Науқас 25 жаста ұйқысыздыққа, тез шаршағыштыққа, тітіркенгіштікке, себепсіз мазалануға, жылағыштыққа, ұмытшақтыққа, жоғары тершеңдікке, еттеккір цикл бұзылысына шағымданады. Науқас мазасыз, жылдам қажетсіз қозғалыстар жасайды, көп сөйлейді. Айқын бадырақ көз. Қалқанша бездің диффузды ұлғаюы, қол саусақтардың треморы байқалады. Сіңір рефлекстері күшейген, артериальды қысым 130/50 мм сн.бағ. Пульс - 108 мин. Қанда лейкопения, абсолютты нейтропения салыстырмалы лимфоцитозбен, гипоальбуминемия, глюкозаға толеранттілігі төмендеген. Негізгі алмасу 40% жоғарлаған.




СҰРАҚТАР:
1. Берілген клиникалық сүреттеме қандай синдромға тән?
2. Бұл жағдайда фармакотерапияның қандай түрі ұсынылады?
3.Науқасқа тиамозол тағайындалды. Әсер ету механизмін көрсетіңіз, төменде келтірілген тұжырымдарды логикалық ретімен орналастырыңыз:

  1. Тиреоидты гормондардың синтезі және олардың мөлшерінің қанда төмендеуі.

  2. Қалқанша бездің көлемінің ұлғаюы (токсикалық емес зоб)

  3. Гипатоламо-гипофизарлы жүйенің өзіндік рецепторларының белсенуінің төмендеуі.

  4. Тиролибериннің және тиреотропты гормонның бөлінуінің күшеюі

4. Тиамозолдың зобогенді әсерін реттеу үшін қолданылатын шаралар қандай?
Тақырыбы: «Қант диабетін фармакологиялық түзету принциптері»

64 – жастағы науқас қан диабетінің 2 түрімен аурады, қосымша ауруы – жүрек жеткіліксіздігі.




СҰРАҚТАР:

  1. Диабетке қарсы қандай топ препараттары науқасқа қолдануға болмайды? түсіндіріңіз

  2. Препараттардың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

  3. Қандай диабетке қарсы заттарды науқасқа қолдануға болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет