Карагандинская государственная медицинская академия


Тақырыбы: «Қант диабетін фармакологиялық түзету принциптері»



бет8/18
Дата13.03.2023
өлшемі58,41 Kb.
#172097
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
ӨСОЖ - ЭЖ-1

Тақырыбы: «Қант диабетін фармакологиялық түзету принциптері»

Жедел жәрдем бригадасы қант диабетінің 1-ші түрімен және эпилепсиямен ауратын 14-жастағы науқасқа келді. Бір күн бұрын науқаста эпилепсия ұстамасы болған.Тексергенде: науқас тежелген, сұрақтарға бір қалыпты жауап береді, еріні жарылған, ауыз қуысының шырышты қабаты құрғақ, сіңір рефлекстері төмендеген, пульс жиі, АҚ төмен, дем алғанда ацетонның иісі байқалады.




СҰРАҚТАР:

  1. Команың қандай түрі анықталған? Түсіндіріңіз

  2. Диабетке қарсы және эпилепсияға қарсы заттарды бірге қолданғанда қандай әсер болу мүмкін?

Тақырыбы: «Гипо- және гиперкортицизм синдромында қолданылатын гормональды препараттар»

Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің гиперфункциясының өршуімен науқас емханаға түсті. Интеллекттің төмендеуіне, әр түрлі аффективті бұзылыстарына шағымданады.




СҰРАҚТАР:
1. Сіздің емдеу тактикаңыз.
2. Осы препараттың фармакокинетикасын сипаттаңыз.
3. Хирургиялық емдеуден кейін қандай гормональды препараттар қолдану керек?
Тақырыбы: «Репродуктивті функцияны реттейтін гормоналды препараттар»

Айқын хирсутизмі бар 25 жастағы әйел синтетикалық прогестоген болып табылатын және андрогенге қарсы қасиеттері бар препаратты алады.




СҰРАҚТАР:
1. Хирсутизм дегеніміз не? Себептері.
2. Әйел қандай дәрі алады?
3. Оның әсер ету механизмі және фармакологиялық әсері қандай?
4. Бұл жағдайды емдеуде қандай препараттармен комбинациялар мүмкін?
5. Фармакотерапияның ұзақтығы қандай?
6. Препаратты қолданғанда қандай жанама әсерлер болуы мүмкін?
РЕЦЕПТ ЖАЗУ:



  1. Гипертиреозды емдеуге антитериоидты зат.

  2. Ішке қабылданатын антидиабеттік зат.

  3. Гиперкортицизмді емдеуде қолданылатын зат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет