Карбозова булбул давлетханкызы


 ЖОО-да омонимдерді оқытудағы эксперименттік нәтижелер



Pdf көрінісі
бет84/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

3.3 ЖОО-да омонимдерді оқытудағы эксперименттік нәтижелер 
Зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде сөз болған ғылыми тұжырымдар 
мен қортындыларды және оларды оқытудың тиімді әдістерін педагогикалық 
тұрғыда айқындау үшін экспериметтік жұмыстар жүргізу қажеттігі туындады. 
Омонимдердің лингвистикалық табиғаты, тілдік семантикасы, танымдық 


124 
мағынасы сияқты теориялық мәселелерді ЖОО-да меңгертудегі педагогикалық 
технологиялар мен әдістемелік әдіс-тәсілдердің іс-жүзіндегі тиімділігі 
эксперименттік жұмыстар арқылы дәлелденді. Зерттеу жұмысының ғылыми 
тақырыбымен байланысты эксперимент жұмыстары Алматы қаласы Абай 
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді 
білім беру институты, Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының 
базасында орындалды. Эксперимент базасымен байланысты университеттің 
академиялық саясатында көрсетілген этикалық нормалар, техникалық және 
еңбек қауіпсіздігінің нормалары, университет мүлкінің сақталуын қамтамасыз 
етуге байланысты ережелік нормалар сақталынды. Эксперименттік жұмыстарға 
негіз болған элективті пәннің теориялық мазмұны кафедраның кезекті 
отырысында мақұлданып, элективті курсы ендіру актісі университеттің ғылыми 
істер жөніндегі проректорымен бекітілді.
Қазақ тіліндегі омонимдердің когнитивтік семантикалық құрылымын 
оқыту әдістемесінің қажеттілігі тәжірибе жүргізу жұмыстарының нәтижесінде 
көрсетілді. Омонимия құбылысының когнитивтік семантикасын оқытудағы 
жауапкершілігі жоғары жұмыстың бірі – педагогикалық эксперимент. Мұнда 
ЖОО білім алушыларға жүргізілуге тиісті болғандықтан, ең бірінші кезекте 
арнайы мамандық бойынша білім алушыларға жан-жақты түсіндірілуі керек, 
яғни олардың басқа пәндерден білім алулары мен қосымша уақыттарына 
кедергі жасамау жағы ескерілді. ЖОО-да омонимдердің когнитивтік 
семантикасын оқытудағы эксперименттік нәтижелер гуманизмді, ізгілікті 
негізгі ұстанымы етеді.
Тілдегі бірліктердің таңбалық және мағыналық қатынасының күрделігімен 
байланысты омонимдерді дербес пән жүйесінде зерттеуді қажет етеді. Жоғары 
оқу орындарында филологиялық бағыттағы мамандықтардың білім 
мазмұнының 
толыққандылығын 
омонимдік 
бірліктердің 
когнитивтік 
семантикасын меңгерту арқылы қамтамасыз етуге болады. Жоғары білім 
үдерісіндегі негізгі субъект – білім алушының осы үдеріс барысындағы білімді 
қабылдау, меңгеру, дағдылану әрекеттеріне жаңашылдық сипаттағы әдістер 
арқылы бағыттауды лингвистикалық теориядағы омонимдердің когнитивтік-
семаникалық құрылымын негізге ала отырып ұйымдастыру экспериментті 
қажет етті.
Зерттеу тақырыбымен байланысты педагогикалық эксперименттің басты 
мақсаты – омонимдердің когнитивтік семантикасын оқытуда ұсынылған 
технологиялар мен тәсілдердің іс-жүзіндегі тиімділігін анықтау, пәннің 
теориялық білімінің филолог-студенттердің кәсіби танымдық әлеуетін 
арттыруға 
ықпалын 
айқындау. 
Эксперимент 
білім 
алушылардың 
лингвистикалық пререквизиттік білімдерінің толыққандылығын ескере отырып, 
педагогикалық үдерісті өзгеріске келтіруге, тақырыппен байланысты дамытуға 
бағытталды, ғылыми негізде ұйымдастырылған тәжірибе түрінде жүргізілді. 
Оқытудағы әдістер қолданыстағы құбылыс нәтижесін ғана айғақтайтын, жолға 
қойылған әрекеттерден тұрса, эксперимент жасампаздық сипаты мен жаңа 
құбылыстарға жол ашады. Зерттеу жұмысымен байланысты жүргізілген 


125 
педагогикалық эксперимент оқытудың соны тәсілдері, әдістері, формалары, 
жүйелері тақырыппен байланыстырылды. Педагогикалық эксперимент, 
ғылымда жүйеленгендей, педагогикалық құбылысты және оның ағысының 
жағдайларын тәжірибеде модульдеуді; зерттеушінің педагогикалық құбылысқа 
белсенді ықпал етуін: педагогикалық ықпал мен әрекеттесу нәтижелері мен 
үндестігін өлшеуді; педагогикалық құбылыстар мен процестердің бірнеше рет 
қайталануын қамтыды. 
Жоғары оқу орны базасында омонимдердің когнитивтік семантикасын 
оқыту жолында жасалған эксперимент кезеңдеріндегі педагогикалық әрекет 
түрлерін төмендегідей кестеде көрсетуге болады (Сурет 4): 
Сурет 7 – Омонимдердің когнитивтік семантикасын оқыту жолында жасалған 
эксперимент кезеңдеріндегі педагогикалық әрекет 
Зерттеу тақырыбы аясындағы педагогикалық экспериментті жүргізуде 
төмендегі талаптар басшылыққа алынды:
-
нәтиженің болжам (гипотеза) негіздемесін жасау; 
-
зерттеу нысаны мен мәселені сынаққа дайындау; 
-
эксперимент өткізудің жоспарын түзу; 
-
алынған деректерді талдау; 
-
зерттеу нәтижелерімен жұмыс жасау; 
-
нәтижелерді қорытындылау. 
Білім беру жүйесіндегі педагогикалық эксперименттің жалпы әдіснамалық 
негізін анықтауда лингводидактикалық зерттеулер басшылыққа алынады. 
Ғылыми кеңістікте педагогикалық зерттеулердің әдістемесі мен әдіснамасына 
қатысты мәселелер В.С.Гершунскийдің [173], Н.В.Кузьминаның [174] және т.б. 
ғалымдардың зерттеулерінде біршама қарастырылған.
Омонимдік бірліктердің когнитивтік семантикасын оқыту барысында 
жүргізілген эксперимент кезеңдері үшке бөлінді:
Эспериментті 
қорытынды-
лау 
Жетілдірілген 
эксперимент 
материалда-
рын әзірлеу 
Деректерді 
талдау 
Эксперимет 
материалда-
рын әзірлеу 
Міндеттерді 
айқындау 


126 
- анықтау кезеңі,
- қалыптастыру кезеңі
- бақылау кезеңі. 
Эксперименттің анықтау кезеңінде сауалнама, құжаттарды талдау, 
бақылау, тестілеу әдістері арқылы төмендегі міндеттерді анықтау көзделді:
- білім алушылардың зерттеу тақырыбымен қатысты мәселелерге 
қатынасы, қызығуы, оны түсінуге ұмтылу, лингвистикалық білімінің болуы 
және оны негіздеу, пайдалану нәтижесін бағалау; 
- білім алушылардың лингвистикалық білім аясындағы омонимдік 
бірліктермен байланысты ғылыми мәселелерге деген көзқарасын анықтау; 
- білім алушылардың омонимдік бірліктердің когнитивтік семаникасын 
меңгеруі барысында кездестіретін қиыншылықтарын зерттеу; 
- білім 
алушылардың 
ізденімдік, 
зерттеушілік, 
қызығушылық 
ерекшеліктерін анықтай отырып, тиімді педагогикалық әдістерді қолдану мен 
талдау. 
Зерттеу тақырыбымен байланысты теориялық білім мазмұнын жоғары 
мектепте меңгерту барысында тиімді педагогикалық технологиялар мен 
күтілетін нәтижелердің сипатына қарай әдістердің таңдау, қолдану, 
нәтижелілігін салыстыру жұмыстары жүргізілді. Зерттеу тақырыбындағы 
теориялық мәселелерді педагогикалық аяда қарастыра отырып, біз өз 
тарапымыздан 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім 
алушыларға арналған «Омонимдердің когнитивті семантикасы» атты 2 кредит 
көлеміндегі элективтік пән ұсындық. Төмендегі пән силлабусында пәннің 
қысқаша сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттері, пререквизиттік және 
постреквизиттік білімі көрсетілді. Пән силлабусының үлгісі жаңартылған оқу 
бағдарламасын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Назарбаев зияткерлік 
мектептерінің оқу бағдарламаларының негізінде төмендегідей силлабус үлгісі 
ұсынылды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет