Карбозова булбул давлетханкызы


Проблемалы оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет81/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Проблемалы оқыту технологиясы 
– «проблемалық жағдай тудыру, 
проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек 
көрсету, ол шешімдердің дұрыстығын оқушылардың дәлелдеуі, оқушылардың 
меңгерген білімдерін жүйелендіру және бекіту үрдісіне басшылық жасау 
сияқты іс-әрекеттердің жиынтығынан» тұрады [168]. Сонымен қатар, «Оқушы 
оқытушы жетекшілігімен жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелердің 
шешімін табуға қатысатын» өзара әрекеттестіктен тұратын технология болып 
табылады [169, 41 б.]. Проблемалық оқыту технологиясын жоғары оқу 
орындарында кеңінен пайдалануға болады. Арнайы мамандық бойынша білім 
алушылардың кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында проблемалық жағдаят 
тудыру арқылы олардың жан-жақты ізденуіне, мәселенің түйінін шешуге, 
жағдаятты қадағалау арқылы оған басшылық жасауына жол ашады. Осының 
нәтижесінде білім алушылардың өздеріне деген сенімділігін арттырып, батыл 


117 
қадам жасауына, ол үшін танымдық әрекеттерінің мүмкіндіктерін толығымен 
пайдалануына ықпал етеді. Жоғары оқу орындарында омонимдік бірліктердің 
когнитивтік құрылымын проблемалы оқыту технологиясы арқылы көптеген 
тосын мәселелер мен тың пікірлердің сабақ барысында кездескендігі
студенттердің осы арқылы қызығушылықтары артып, дербес және жұптық, 
қала берді топтық немесе ұжымдасқан үлгіде сабаққа ат салысуын проблемалы 
оқытудың тиімділігі ретінде бағалауға болады.
Жоғары оқу орында филологиялық бағыттағы білім алушыларға 
омонимдік құбылыстарды меңгертуде қолданылатын білім беру формаларын 
дәстүрлі немесе шартты түрде үшке бөліп қарастыруға болады: дәрістер және 
семинарлар, оқытудың өзге формалары (студенттің өздік жұмысы, студенттің 
оқытушымен орындайтын өздік жұмысы). 
Қазіргі білім беру ісіндегі дәріс ұғымы мен қолданысының әржақты 
сипаты туралы ғылыми айналымда келесі тұжырымдар айтылып жүр: «Қазіргі 
уақытта оқу материалын дәріс түрінде мазмұндаудың жақтастары да, 
қарсыластары да бар. Олардың шешімдеріне тоқталып көрелік:
1. Дәріс өзгелердің көзқарастарын пассив түрде қабылдауға үйретеді жеке 
ойлауды тежейді;
2. Дәріс студенттердің өз бетімен білім алуларына кедергі жасайды;
3. Егер оқу құралдары жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда дәріс қажет 
болады;
4. Кейбір студенттер ойлап үлгереді, ал кейбіреулері механикалық түрде 
дәріс оқушының сөздерін жазып алып отырады. Дегенмен тәжірибе 
көрсеткендей, дәрістен бас тарту студенттер даярлығының ғылыми деңгейін 
төмендетеді, семестр бойғы жұмыстың жүйелігі мен тепе-теңдігін бұзады. 
Сондықтан дәріс бұрынғыдай ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастырудың жетекші 
формасы ретінде жалғасын тауып келеді» [170].
Омонимдердің когнитивтік-семантикалық құрылымын жоғары оқу 
орнында оқытуда дәріс түріндегі оқыту формасы қолданылады. Омонимдерді 
оқытуда дәрістердің дәстүрлі және дәстүрден тыс/жаңа формалары сабақтың 
мазмұндық ерекшелігіне қарай пайдаланылады. Дәріс түрлерінің құрылымдық-
мазмұндық ерекшеліктерін төмендегі кестеден байқауға болады:
Кесте 6 – Омонимдердің когнитивтік құрылымын оқытудағы дәріс түрлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет