15
анықтаманың да жоғарыда берілген омонимия мен омонимиканың ешқандай
айырмашылығы байқалмайды. Бұлар терминдердегі
варианттылық па жоқ
мүлдем басқа ұғым болып табыла ма?!
Біздіңше, омоним мен омонимия бір ұғымды білдіреді. Олардың екеуі де
тіл білімінде омонимге қатысты құбылыстарды атайды. Дегенмен біз осы
құбылысқа қатысты атауларды кең түрде омонимия деп танимыз. Ал
лексикалық омоним лексикалық жолмен жасалған омонимдердің атауы болып
табылады. Ол жайында төменде тереңірек сөз етеміз.
Проф. А.И.Смирницкий омонимдерді
толық омонимдер
(полные
омонимы) немесе
лексикалық омонимдер
деп атайды да, барлық формаларында
емес, тек кейбір жеке формасында ғана омонимдес келетін сөздерді
жартылай
омонимдер
(частичные омонимы) немесе
лексика-грамматикалық омонимдер
деп атайды. Толық лексикалық омонимдердің қатарына екі сыңары да бір сөз
табына қатысты және барлық формаларында омонимдес болып келетін
сөздерді жатқызады да, жартылай лексика-грамматикалық омонимдердің
қатарына екі сыңары да бір сөз табына қатысты, бірақ барлық формаларында
емес, тек кейбір формаларында ғана омонимдес
болып келетін сөздерді
жатқызады. Сонымен бірге ғалым А.И.Смирницкий лексика-грамматикалық
омонимдерді екіге бөліп, бірін күрделі лексика-грамматикалық омонимия
(сложная лексико-грамматическая омонимия), екіншісін жай лексика-
грамматикалық омонимия (простая лексико-грамматическая омонимия) деп
атайды. Автор екі сыңары да бір сөз табына қатысты емес, әртүрлі сөз табына
қатысты омонимдерді күрделі лексика-грамматикалық омонимияның қатарына
қосады да, екі сыңары да бір сөз табына қатысты омонимдерді жай лексика-
грамматикалық омонимияның қатарына жатқызады [7, 3 б.]. Бұл жерде
ғалымның толық немесе жартылай
омонимдер деп отырғаны, толық
лексикалық омонимдер немесе жартылай лексикалық омонимдер екендігіне
баса назар аудару қажет.
Чех ғалымы Богумил Трнка В.Виноградовтың көптеген еңбектеріне сүйене
отырып өзінің «Замечания об омноимии» [8, 91 б.] атты мақаласында
омонимдердің негізгі түрлері мен олардың тілде пайда болуын нақтылап
көрсетеді. Ол омонимдерді септегенде барлық парадигмада бірдей септелуіне
байланысты омонимдерді толық немесе жартылай омонимдер деп бөліп
көрсетеді. Б.Трнканың көрсетуінше, толық омонимдерге
бір сөз табындағы
сөздерді жатқызады. Оларға орыс тіліндегі грамматикалық деңгейде
түрлендіргенде де (жекеше және көпше түрде), фонетикалық деңгейде де
(бірдей дыбысталып, бірдей таңбаланатын) ешқандай айырмашылық
болмайтын наряд – «киім» және наряд – «өкім» деген сөздерді мысал ретінде
келтіреді.
Жартылай омонимдерге тек көптік формада сәйкес келетін часы (көптік
формадағы час) және часы (Pluralima tantum) мысалдарын жатқызады. Сондай-
ақ омонимдерді жай және туынды омонимдер деп бөліп көрсетеді. Жай
омонимдерге мир – «отсутсвие войны, согласие» және мир – «вселенная»
омонимдік қатарды жатқызса, туынды омонимдерге негізге сөзжасам
16
қосымшалары
жалғанып, пайда болған омонимдік қатарларды жатқызады:
сборка – «действие по глаголу собирать» және сборка – «мелкая складка в
одежде» [8, 92 б.].
Дәл осы сипаттағы түсініктемені К.Ахановтан да байқаймыз. Ғалым
Достарыңызбен бөлісу: