Карбозова булбул давлетханкызы


Интерактивтік модульдік технологиясы



Pdf көрінісі
бет73/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

Интерактивтік модульдік технологиясы
– «Модульді оқыту – 
педагогикалық технологияның барлық талаптарына жауап бере алатын
оқытудың жаңа технологиясы. Қазақ тілінің оқыту бағытын айқындайтын
бірден-бір жаңа жол – қазақ тілін модуль арқылы оқыту әдістемесі» [161, 48 б.] 
немесе «оқытуды модульдік жүйеге құру оқытушыны инновациялық әрекетке 
жетелейді, іздендіреді, оқытудың тиімді әдістерін пайдаланып практикалық
зертханалық сабақтарды мазмұнды өткізуге мүмкіндік жасайды» [162, 9 б.].
Профессор Б.Қасым оқытудың интерактивтік модульдік технологиясында 
алгоритм тәртібімен әрқайсысының кіші жүйелерінің құрылым жүйелерін 
айқындап өту оқыту әрекетінің басты міндеті деп санайды [163, 64 б.]. Яғни 
интерактивтік модульдік технология арқылы омонимдік бірліктердің танымдық 
құрылымын 
оқыту 
жоғарыда 
көрсетілген 
анықтамалар 
бойынша 
лингвистиканың ғылыми теориялық негізіне, тіл фактілеріне сүйене отырып 
жүргізіледі. Омонимдік бірліктерді оқытуда көркем мәтіндерден мысалдар 
беріліп, танымдық-тағылымдық мәні жоғары мәтіндерді күрделендіру арқылы 
(«жеңілден-ауырға», «оңайдан-қиынға») білім алушылардың сөздік қорын 
жетілдіре отырып, ойлау қабілетін күшейтеді. Омонимдік бірліктерді оқытуда 
омонимдік құбылыстардың өзіндік ерекшеліктері туралы қосымша ғылыми 
мәліметтер ретінде теориялық лингвистикалық тапсырмалар топтамасында 
арнайы іріктелген терминдік омонимдермен қатар, көркем мәтіндерден алынған 
мысалдар ұсынылады. Сонымен омонимдерді модульдік оқытудың өзегі – оқу 
модуліне негізделеді. Модульдік оқыту лингвистикалық ақпараттардың 
аяқталған 
блогынан, 
білім 
алушылардың 
іс-әрекетке 
құрылған 
бағдарламасынан, оқытушының әдістемелік нұсқауларынан тұрады. Модульдік 
оқыту білім алушының өздігінен жұмыс жасай алу мүмкіндігін дамытуға 
негізделеді.
Модульдік технология әдісі 
бойынша 
әр сабақта тек жаңа ғылыми 
ақпаратты игеру ғана емес, сонымен қатар қабылдаған ақпаратты өзіндік 
өңдеу мүмкіндігі қалыптастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет