Картотека № 16
«Үй жануарлары»
Ойын мақсаты: Үй жануарларын айта білу олардың дене мүшелерін
атауға, ажыратуға үйрету.
Ойын шарты: Дөңгелене отырып, ғажайып қалтадан үй жануарларын алып, алған жануардың дене мүшелерін
атату, олар туралы мейірімді сөздер айту.
Балалар малдың төлдері қандай? (әдемі, сүйкімді.)
Қалай еркелетеміз? (ботақан, қошақан.)
Төлдер қалай ойнайды. (секіреді, жүгіреді.)
Балалар әжелерің, аталарың еркелеткенде қандай сөздер айтады?- құлыншағым, қошақаным, ботақаным т.б.
Картотека № 17
«Менің сүйікті ертегім»
Мақсаты: ертегі кейіпкерлері бойынша ертегілерді атау, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Достыққа, адамгершілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
1)Ойын шарты: сурет бойынша ертегілердің аттары мен мазмұнын айту.
2)Шарты: педагог балаларға ертегілерінде кездесетін
кейіпкерлерді атайды.
Мысалы: Түлкі, аю, қасқыр, қоян, бақа т.б.
Аталған кейіпкерлерді балалар қай ертегіден көргендерін айту
Ертегі кейіпкерлеінің жағымды,
жағымсыз жақтарын айта білу.
Картотека № 18
«Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балаларға құстар туралы білім беру,білімдерін жетілдіре түсу. Суреттер бойынша есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Ойын шарты: суреттер бойынша құстарды
екі топқа топтастыру.
Балалар сұрақтарға жауап береді,
бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
- Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесеміз?
- Құстар ұяны не үшін салады?
- Құстардың денесін не жауып тұрады?
Достарыңызбен бөлісу: |