Картотеа № 4
«Балабақша»
Мақсаты: балабақша қызыметкерлерін және оларға қажетті құралдарды
дұрыс атап, ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: тәрбиеші, дәрігер, аспазшы және оларға қажетті құралдар.
Ойын шарты: тәрбиеші, дәрігер, аспазшыға керекті құрал- жабдықтардың аттарын атап, топтастырады.
Мысалы: тәрбиешіге қалам, дәптер, сызғыш т.б. құралдарды атап көрсету.
Картотека № 5
«Телефон»
Мақсаты: естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру, диалогты
Сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекілік: телефон.
Ойын шарты: телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізу. Айтылған сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей етіп айтуымыз керек.
Телефон арқылы екі бала:
Алло! Сәлеметсің бе, Айнұр?
Иә Сәлеметсің бе?
Бұл кім екен?
Не істеп жатырсың?
Картотека №6
«Не қайда тұрады?»
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың тілін, ой-өрісін дамыту
Керекті құрал-жабдықтар: Жануарлардың және олардың тұратын орталарының суреттері
Шарты: Балаларға иттің, қоянның, қойдың,торғайдың т.б суреттерін көрсетіп сұрақтар қою арқылы , әрқайсының тұру орталарына орналастыру қажеттігі түсіндіріледі (итке-үйшік, торғайға ұя, қойға-қора, қоян-қоршауға)
Картотека №7
«Төлдерін тап та, көрсет»
Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу
Шарты: тақтада көсетілген жануарлардың төлдерін сызық сызу арқылы көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |