Керекті құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: жануарлардың, төлдердің суреттері Картотека №8 «Қуыршақ қонаққа дайындалуда» Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар. Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу. Картотека №9 «Бақша да ма,бау да ма?»
Ойынның мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру. Олардың айырмашылықтарын түсіндіру Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады. Сонан соң көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қатыстырады Ойынның көрнекілігі: Жемістер мен көкөністердің суреттері Картотека №10 Танып ал да, атын ата
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. Ойын барысы: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. Картотека №11 «Затты сипаттау»
Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын байыту. Көрнекіліктер: ыдыс,суреттер (көкөністер мен жемістер)муляж, қоржын. Ойыншарты:Әр түрлі жемістер немесе көкөністер суретті муляждары салынған ыдыстан бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап,түр-түсін ажыратады және қасиеттерін айтады.