Картотека №1 «Көкөніс пен жемісті ажырат»


Керекті құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: жануарлардың, төлдердің суреттері



бет3/6
Дата11.11.2022
өлшемі1,24 Mb.
#157831
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚАТЫНАС ОРТА ТОП

Керекті құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: жануарлардың, төлдердің суреттері
Картотека №8
«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар. Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну.
Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек.
Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.
Картотека №9
«Бақша да ма,бау да ма?»

Ойынның мақсаты: Жемістер мен көкөністер туралы мағлұмат беру. Олардың айырмашылықтарын түсіндіру
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларға жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету арқылы олардың атауларын айтқызады. Сонан соң көкөністердің жерде, жемістердің талда өсетінін түсіндіру арқылы сұрақтар қойып, балалардың ойынға қызығушылықпен қатыстырады
Ойынның көрнекілігі: Жемістер мен көкөністердің суреттері
Картотека №10
Танып ал да, атын ата

Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Ойын барысы: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.
 
Картотека №11
«Затты сипаттау» 

Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын байыту.
Көрнекіліктер: ыдыс,суреттер (көкөністер мен жемістер)муляж, қоржын.
Ойын шарты:Әр түрлі жемістер немесе көкөністер суретті муляждары салынған ыдыстан бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап,түр-түсін ажыратады
және қасиеттерін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет