Картотека № 12 «Әдемі гүл» Ойынның мақсаты: Түстер туралы ұғымын бекіту,түстердің атын білуге машықтандыру,түрлі түсті бояудағы түстерді сәйкестендіруге үйрету,саусақ моторикасын дамыту Ойынның мазмұны: Топқа гүл тістеген күшіктің кіруімен ғажайып сәт ұйымдастырылады. Күшік аузына тістеп кірген гүл шоғын терең дем алып иіскейді де, тыныс шығарған кезде гүлдер шашырап кетеді. «Ой балалар, мына гүлдерім шашылып қалды ғой, сендер маған көмектесесіңдер ме?» -деп сұрақ қояды. Ол үшін гүлдердің түстерін анықтайық. Әрқайсың жерден жинап алған гүлдің түсін атауларың керек. Енді осы түстерге сәйкес көбелектерді қондырайықшы-деп ұсыныс жасалады Көрнекілігі: Түрлі –түсті гүлдер, көбелектер Картотека №13 «Не жоқ?» Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту, жылдамдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Шарты: ойыншықтарды қатар- қатар қойып, балалардың назарын ойыншықтарға аударады. Осыдан кейін балалар көздерін жұмып отырады. Осы кезде педагог ойыншықтардың біреуін алып қояды. Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ екенін табады.
Керекті құрал-жабдықтар: ойыншықтар Картотека №15 Танып ал да, атын ата
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. Қажетті құралдар: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.
Ойын барысы: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр- түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.