Көрнекіліктер: Құстардың суреттері Картотека № 19 «Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: Бидайды қалай өсіру және одан нанды қалай жасау жөніндегі балалардың білімдерін толықтырып жүйелеу. Диқаншылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Сөздік қорын толықтыру: майдалау, себу, диқаншы, комбайын, элеватор, диірмен.
Көрнекіліктер: егін даласына қажетті суреттер Ойын шарты: Жүргізушінің белгісінен кейін бос тор көздерді жарыса отырып, қажетті суреттермен толықтыру. Картотека № 20 «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: Балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру, еңбекті құрметтеуге дағдыландыру,өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әр түрлі мамандықтар суреттері
Ойын барысы: суреттер тақтаға іленеді. Бала өзі қалаған мамандығын қарап алады да,сол мамандық туралы әңгімелейді. Неге ұнататынын,қандай жақсылығы барлығын әңгімелейді.