Кассадағы қолма-қол ақша. «Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп» 4 БЕС-да ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы ұолма-қол ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы – олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп» 7 ҚЕБС-на сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса – бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме.