Кассадағы ақшалай қаражатты


Кассалық операцияларды құжаттық рәсімдеу мен есептеу



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі19,43 Kb.
#85716
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
07.10.20 лекция

Кассалық операцияларды құжаттық рәсімдеу мен есептеу. Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылданған соң бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен (ККО) (ф.№ КО-1) рәсімдейді.
ККО-ны бухгалтерия қызметкерлері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдіңмөрімен куәландырылады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар шығыс кассалық ордермен (ШКО)(ф. № КО-2) немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискальды коды бар бақылау-кассалық аппарат арқылы жүргізіледі.
ШКО-ны бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтермен ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО, ШКО және оларды ауыстыратын құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызыл және жасыл түстен басқасы) анық, түсінікті толтыруға тиісті, не болмаса машинкада басылады. Бұл құжаттардың түзетілген жері, түзетуі болмауы керек. ККО, ШКО-де оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады.
ККО,ШКО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда кірістік және шығыстық құжаттарды тіркеу журналында (ф.№ КО-3) тіркеледі.
Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО-ді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:

  • құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар-жоқтығын, растығын; ал ШКО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;

  • құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;

  • құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын.

Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын (ф.№ КО-4) кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары нөмірленіп, жіппен қайымдалуы (прошнуровано) тиіс және парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. ККО,ШКО жазбалары басталмас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның алған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдің есебі болып қызмет етеді. Есеп оған тіркелген бастапқы құжаттармен (ККО,ШКО) бірге бухгалтерияға тапсырылады. Егер кәсіпорында күніне көп емес операциялар атқарылса, онда кассалық есептер 3-5 күнде 1 рет жасалады. Кассирден қабылданған есеп пен құжаттарды бухгалтерия қызметкерлері тексереді, ал кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер бақылайды. Алушының ШКО-нда қолхатпен расталмай, кассадан ақша берілуі табылса, бұл сома кем шығу деп саналады және кассирден төлеттіріп алынады, мұндай да кассирдің атына ШКО жазылады. Егер қолма-өол ақша сомасы ККО-мен кіріске алынбаса, онда ол касса артығы деп саналады және ККО көшірмесі жолымен субъект кірісіне есептеледі.
Кассалық операциялардың синтетикалық есебін 1010 «Кассадағы қолма-қол ақша», 1020 «Кассадағы қолма-қол шетелдік валюта» шоттары кіретін 45 «Кассадағы қолма-қол ақша» бөлігінде жүргізіледі.
1010, 1020 шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер (кассалық кітаптың екінші данасының жыртылған парақтары) негіз болып табылады.
Субъектілер заңда рұқсат етілген жағдайларда шетелдік валютамен кассалық операциялар жасауға мүмкіндігі бар. Шетелдік қолма-қол валюта есебі «Шетелдік валюта операциялары есебі» 9 БЕС-қа сәйкес 1020 шотта өтеді.
Шетелдік валютамен операциялар жөніндегі бухесптегі жазбалар операция атқарылған күнгі ҚР ұлттық банкінің бағамы бойынша саналған ҚР валютасымен бухгалтерлік есепшоттарында көрсетілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет