Берілген мәліметті оқып төменгі сұрақтарға жауап беріңіздер Буланудың екінші тәсілі – қайнауды қарастырамыз. Қайнау процесін бақылау үшін құтыға су құйып, температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Біраздан кейін құтының үстіңгі жағында тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шығады. Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында ызыл естіледі. Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су қайнай бастайды.
• Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады. Біз кез-келген жер бетіндегі денелерге атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз. Енді осы су көпіршіктері қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау керек.
• Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;
• Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.
Кейбір заттардың қайнау температурасы, оС (Қалыты атмосфералық қысымда 105 Па) сутек - 253 оС, су - 100 оС, сынап - 357 оС, оттек - 183 оС, сүт - 100 оС, қорғасын - 1600 оС, эфир - 35 оС, спирт - 78 оС, мыс - 2567 оС Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда су төменгі температурада қайнай береді. Биіктігі 5-6 мың метр Эльбрус шыңында су шамамен 800С- та қайнайды. Сұықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек, онда кез келген температурада тіпті қату температурасында қайнайды. 32 гПа 25 оС су бөлме температурасында қайнайды. Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда, су 00С-тақайнайды. Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ертіндісі бар болғаны бірнеше ондаған градуста бұрқылдап қайнайды. Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және артық су тезірек бөлініп шығады. Керісінше судың бетіне аса жоғары қысым түсіре отырып, судың температурасын 1000С-тан жоғары температурада қайнатуға болады. Автоклав құрылғысында температура 200 0 С-қа дейін қызады.