Каттабекова Раушан Жарқынбекқызы,
№46 мектеп-лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі,
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шымкент қаласы
Уақыт. Тәулік
СЫНЫП: 2 «к»
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
2.1.3.4 - ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ уақыт (сағ, мин, тәулік, ай, жыл) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі.
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланғануақыт
|
Сабақ барысы:
|
Бағалау түрлері
|
Басталуы
5 минут
|
Сәлемдесу.
Топқа бөлемін: «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3,4,5,6 вагондарға бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Шуақты көңіл күй сыйлайық
Өткен сабақты пысықтау
Балалардың туған күні қашан? Ай аттарын рим цифрымен көрсетеді.
|
1-топ:
«Бақыт» вагоны
2-топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3-топ:
«Жарқын» вагоны
4-топ «Мейірім»
5-топ
«Шапағат»
6-топ
«Сезім»
|
Жаңа білім
10 минут
|
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
№1 Сағаттар қандай уақытты көрсетіп тұр?
Ертеде адамдар сағат пайда болмас бұрын уақытты күнге қарап, әтештің шақырғанына қарап, тіпті кей елдерде есектің ақырғанына қарап та ажырата білген. Қазақтар күнге қарап уақытты болжаған. Ең алғаш рет сағат Қытай елінде пайда болған. Қазіргі кезде сағаттардың түрлері өте көп. Суға төзімді сағаттар, аса суыққа төзімді сағаттар, жар сағаты, қол сағаты, жүзік - сағаттар, электронды сағаттар, қалта сағаттары т. б. бар.
Сағаттың ішіне жазылған сандар циферблат деп аталады. Сағаттың екі тілі немесе үш тілі болады. Олар: сағаттық тіл (қысқа тілі), минуттық тіл (ұзындау тілі), секундтық тіл (жүріп бара жатырған тілі) деп аталады. Минуттық тілі 60 айналғанда 1 сағат болады. 1 сағатта=60 минут бар. Қысқаша сағ. мин. деп белгіленеді
Сағаттардың кейбірі Рим цифрымен таңбаланады. Оларды оқып - тани білеміз, еске түсірейік..
І ІІ ІІІ ІV V VІ VІІ VІІІ ІХ Х ХІ ХІІ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Тәулік – тетелес бір күн мен бір түннің қосындысы.
Апта – 1 аптада 7 күн бар
Ай – 1 айда 30 немесе 31 күн болады
Жыл - 1 жылда 12 ай бар
Ғасыр – 1 ғасырда 100 жыл бар
№2 "Кім көп біледі?»
- Таңертең нешеде тұратыныңды;
- Сабағың нешеде басталатынын;
- Сабағың нешеде бітетінін;
- Кешкі асыңды нешеде ішесің;
- Кешке нешеде ұйқыға жататыныңды сағат тілдері арқылы айтып бер..
Біз уақытты үнемдеп пайдалану керекпіз.
Уақытты алтынға теңеген өйткені біз өткен уакытымызды қайтып қайтара алмаймыз.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір,
Сағатқа қарап-ақ
Жаттығу оңай-ақ.
Дәптермен жұмыс.
№3 Теңдіктерді толықтыр. «Кім тапқыр» ойыны.
100-7= 93 93+7=100 48+2=50 90-7=83
100-5=95 95+5= 100 88+9=97 50-8=42
|
Оқулық,
мәтіндер.
|
Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
№4 а) Салыстыр. Топтық жұмыс (Плакатқа жазылған тапсырмалар әр топқа беріледі) Постер қорғау
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
5дм1см * 5дм 15сағ*1тәул 11кг*1ц 88л* 98л
20сағ*1тәул 1сағ6мин*76мин 2тәул*50сағ 1сағ20мин*90мин
5-топ 6-топ
1сағ+30 мин*2сағ 200кг-100кг*1ц
100см-50см*5дм 70мин*1сағ15мин
№ 5 «Есіңе сақта» Сағат неше болды ?
Үш сағат отыз минут
Екі сағат жиырма минут
Онсегіз нөл-нөл
Жиырма екі нөл-нөл
|
Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер, плакат
|
Сергіту сәті
2 минут
|
«Қыдырып қайтайық!»
би билеу.
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
|
Ой қорыту
Қызықты қосымша тапсырмаларды орында:
|
Достарыңызбен бөлісу: |