Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет16/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Ақтөбе облысы

Темір ауданы.

азақстан  Республикасының  Президенті    Н.Ә.  Назарбаев  қай  кезде  де 

өз  халқына  арнаған  жолдауларында  еліміздегі  білім  саласын  сырт  ай-

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ

ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНУ 

Ботакөз  ӘЖІМҰРАТ,

«Мұрагер-Астана» білім кешенінің 

ағылшын тілі мұғалімі

Қ

налып өткен емес. Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасымыздың 



«Отандық білім беру жүйесіне  инновациялық әдістерді, шешімдерді және 

құралдарды  қарқынды  енгізуге  тиіспіз»,  –  деп  атап  айтқаны  да  сондықтан 

болса  керек.  Елімізде  қазақстандық  мектеп  оқушыларына  алғаш  рет 

интерактивті тақта қолданысқа енгізілген тұста Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 

оқушылармен бірге осы тақтаның сиқырына бірге үңіліп, оқушылардың сол 

сәттегі қуаныштарын бөліскені де есімізде. Сол сиқырлы ақ тақтаның мектеп 

төрінен  озып,  балабақшалар  табалдырығын  аттап,  балдырғандарымыздың 

игілігіне жарағанына да біршама уақыттың жүзі болып қалды. Бұл да болса 

білікті  Көшбасшымыздың  қырағы саясатының бір жарқын ұшқыны екені 

жасырын емес.

Бұдан  бірнеше  жылдар  бұрын  ағылшын  тілі  балабақшаларда  ата-ана 

қалауымен ғана ақылы түрде жүргізіліп келсе, бүгінгі таңда Президентіміздің  

«әрбір қазақстандық үшін үштілді білу – әркімнің дербес табыстылығының 

міндетті шарты» ретінде басты назарға қоюының нәтижесінде балабақша 

бүлдіршіндеріне 4 жастан бастап  жоспарлы түрде ағылшын тілін үйрету жолға 

қойылды. Әрине, мектеп жасына дейінгі балғындарға дәл қазіргі таңда әлемдік 

маңызға ие болып тұрған ағылшын тілінің үйретіле бастауы біздің еліміздің 

тағы  бір  жетістігі  және  әлемдегі  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттер  қатарында  

болуымыздың  кепілі.  Осы  орайда   ерекше тоқталатын басты мәселе – ол 

балабақшалардағы  ағылшын  тілін  үйренушілердің  қызығушылығын  арт-

тыратындай,  тіл  үйренушінің  зияткерлік  көкжиегінің  дами  түсуіне  ықпал 

жасайтындай  деңгейде  оқу  іс-әрекетінің  ұйымдастырыла  білуі.  Өйткені, 

балабақшада  жүргізілетін  бұл  пәннің  дамытушылық  міндеті  баланың 

зияткерлік және танымдық қабілетін тіл арқылы дамытуға негізделген. Алай-

да мектеп жасына дейінгі балаларға тіл үйрету мектеп оқушыларын оқытудан 

біраз  өзгешелеу  және  едәуір  айырмашылықтарымен  ерекшеленеді.  Мектеп 

жасына дейінгі балаларға арналған мекемелерде балалардың  бар болмысы 

ойынмен тікелей байланысты. Сондықтан бұл жерде басты назарда баланың 

қызығушылығын  оятарлықтай  тартымды    ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті 

болып табылады.

Балабақшада ағылшын тілін үйрету үрдісі неғұрлым қызықты, тартым-




14

www


.kazmektep.kz

ды  ұйымдастырылған  болса,  баланың  сөздік  қорының  да  мол  болып,  бала 

санасында  көптілділіктің  дамуына  жағдай  да  жасалады.  Осы  орайда  өз  іс-

тәжірибеммен  бөлісер  болсам,  маған  негізгі  көмекші  –  интерактивті  тақта 

дер  едім.  Ағылшын  тілінде  ән  үйренгенде  де,  әр  тарауға  сай  тақырыптар 

мазмұнын  аша  түсуде  де,  ертегілер  желісімен  әңгімелеу  барысында  да 

интерактивті тақтаның себі тиеді. Қазіргі таңда тіл үйретудің әдіс-тәсілдері 

неғұрлым тың, тиімді технологияны қолданысқа енгізуімен сипатталады.

Мысалы,  4-5  жастағы  балғындарды  қамтитын  орта  топта  «Animals-

Жануарлар» тақырыбын өткізу барысында интерактивті тақтаның қолданысқа 

енген тұсын атап өтейін:

– ән үйренуде;

ертегі желісі;

– тақырыптың негізгі жаңа сөздерін бекіту;

– қазақша жыл қайыруды үйрену.

1.  Жануарлар   тақырыбына  сай мен «Old Macdonald» әнін таңдадым. 

Бұл    әнді    бала    интерактивті  тақта  арқылы    тыңдап  әрі  оның  суреттеріне 

қарай  отырып  айтып  үйренеді  және  4-ке  дейін  санап  та  отырады.  Жалпы 

ағылшын тіліндегі әнді үйретумен қатар біз балаға айтылып отырған әннің 

мағынасын да балаға толық жеткізе білуіміз қажет. Ағылшын тілін үйрету 

барысында  музыканың  ықпалы  мол.  Ән  үйренудің  тілдік  қарым-қатынас 

құралы ретінде рөлі зор. Мұндағы жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып 

баланың сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде та-

ныс сөздер баланың есінде тез жатталады. Шетел тілінде ән айтып үйрену 

барысында  балалар  дыбыстарды  дұрыс  атап  үйренеді,  сөйлемге  дұрыс 

екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында баланың көңіл күйі көтеріліп, тілге 

деген  қызығушылығы  арта  түседі.  Сабақ  барысындағы  әндер  мұқият  жас 

ерекшелігіне  сәйкес  іріктеліп  таңдап  алынуы  керек.  Интерактивті  тақтаны 

қолдану арқылы біз осы мақсатымызға толық жете аламыз.

Old Macdonald had four cows              Тақтада 4 сиыр көрсетіледі.

1 cow, 2 cows, 3 cows, 4 cows              Бала сиырларды санайды.

Бала интерактивті тақта арқылы бір сәтте әнді де тыңдайды, әндегі жан-

уарлар атауларын сіңіреді,1.2.3.4 сандарын да санап шығады.



2.  Жануарлар тақырыбына сай мен балалардың жанына жақын «Бауыр-

сақ» ертегісін таңдадым. Сабақ барысында балалар осы ертегі желісіне сай 

дайындалған  слайдты  интерактивті  тақтадан  тамашалай  отырып  тосыннан 

шығып отыратын ертегі кейіпкерлері атауларын атап отырады.

Grandpa – ата,  Grandma – әже,   Baursak – бауырсақ,  

Rabbit – қоян,   Wolf – қасқыр,  

Bear – аю,   

 

    Fox – түлкі.



Кейіпкерлер  атауларын  меңгергеннен  соң  келесі  сабақта  балалар  осы 

ертегі желісіндегі мультфильмді тамашалайды, экрандағы бауырсақпен бірге 

балалар да әуенге қосылып билейді. Ал келесі сабақтарда балалар кейіпкерлер 

сөзін меңгергенде экраннан дыбыссыз қойылған мультфильммен бірге өздері 

әңгімелеп  және  «Delicious»  әнін  бірге  орындайды.  Осындай  интерактивті 

тақта көмегімен сатылы түрде сіңірілген ертегі қойылымға әзір болады, ба-

лалар  да  қызығушылықпен  меңгереді,  соңында  оны  өздері  рөлдерге  бөліп 

ағылшын тілінде айтуға жаттығады.



3. Жануарлар тақырыбы бойынша меңгерілген жаңа сөздерді бекіте түсу 

мақсатында интерактивті тақта көмегімен «Хайуанаттар» бағына саяхат жа-

саймыз. Бұл кезеңде балалар өзін-өзі тексеру сатысынан өтеді десек те бо-

лады. Осы жерде балалар тартымды бейнедегі өздерінің  сүйікті жануарла-

рымен жүздеседі. Тақта алдына келген бала оның ағылшын тіліндегі атауын 

айтады, содан соң тақтаны қалам көмегімен қозғағанда сол жануардың дұрыс 

атауы айтылады. Бала егер дұрыс атамаған болса, өз қатесін тақтамен бірге 

қайталау арқылы түзетуге мүмкіндік алады.



4. Жануарлар тақырыбындағы атауларды балаларға толығырақ меңгерте 

түсу мақсатында мен өз тәжірибемде интерактивті тақтаны қолдана отырып  




15

www


.kazmektep.kz

жануарларды қазақша жыл қайыру тізбегі бойынша өз ретімен орналастыруға 

үйреттім.  «Жыл  басына  таласқан  хайуанаттар»  ертегісі  айтылып  жатқанда 

тақтада  бір  шеңберге  орналасқан  жануарлар  тізбегі  пайда  болады.  Ары 

қарай осы тізбекпен жұмыс жасаймыз. «Көршісін тап» ойынын ойнаймыз. 

Шеңбердегі 12 жануарды өз орнымен айта білуге талпынушылық балалардың 

есте сақтау қабілетін дамытуға сеп болады. Ал бұл ретте интерактивті тақта 

қызметі теңдессіз екені даусыз.

Ағылшын тілін үйретуде интерактивті тақтаны тиімді пайдалану арқылы 

балалардың ағылшынша ауызекі тілде сөйлесуіне психологиялық дайындық 

жасалады, білім, білік, дағдылары, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігі 

қалыптастырылады.Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану 

арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пәнаралық байланыстарды 

тереңдетуге  мүмкіндік  туады.  Бұл  балалардың  жаңа  ақпаратты  қабылдау 

арқылы ойлау қабілетін арттыра түседі. Осындай бағыттағы білім балаларды 

Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымаққа баулиды. Сондықтан 

оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  барысында  балалардың  белсенділіктерін  арт-

тыру үшін  көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет.



Әдебиет

1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан–2050  

 

стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жол- 



 

дауы//14 желтоқсан 2012 жыл.

2. Шарипбаева М.С. Изучаем английский язык//Алматыкітап баспасы. – 2012.

3. Английский язык для дошкольников. Методическое пособие для детей 4-7 лет. – Астана,  

 

2012//Авторский коллектив Батулина Э.М., Сурхай Л.Г.



ходе эксперимента нас интересовал вопрос, как дети разных параллелей 

адаптируются к новым или внезапно изменившимся условиям, умеют 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет