Каз Мектеп-10-2015. indd



Pdf көрінісі
бет62/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

«ҚЫЗ – ҰЛТТЫҢ  ҰЯТЫ, 

ХАЛЫҚТЫҢ ШЫРАЙЫ

» 

Клара  ҚАРАЖАНОВА, 

Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің

кітапхана меңгерушісі

Х

ерте  пайда  болады,  оның  жағымды,  жағымсыз  жақтарын  айыра  алмай-

ды. Сондықтан ненің жақсы, ненің жаман екенін үйде ата-ана, ал мектепте  

мұғалімдер  үнемі айтып  отыруы  керек. Қазір  жастар  арасында «ұят» деген  

ұғым  тек сөз күйінде қалып, санадан алынып қалған сияқты. Ал бұл «ұят» 

деген  сөзіміз адам баласының  бойындағы өмір бойы саналатын санамыздың  

кілті десек еш қателеспейміз. Егер жоғалтып алсаңыз, ол өміріңізге қасірет 

әкелері сөзсіз. Дүниені үнемі түрлі өзгеріске түсіріп отыратын адам болса,  

осы  адамды    дүниеге  әкелетін  ана.  Ана  сөзі    қызына  өмірлік  өнеге  болуы 

тиіс. Әрине, екі жақта да  дұрыс пікір, ақылды ой болса. Қазір керісінше кез 

келген  ұл-қыз  ата-аналарына  үстемдік  жасап,  әлгі  жоғарыдағы  ата-ананың 

пікірімен ешбір санаспай, айтқандарын істетуде. Адасудың жолы, міне, осы.  

Бұған кінәлі ата-ана өзіміз. Дұрыс-бұрысын  біле тұра себепті дәлелдерін ай-

тып түсіндіріп жатуда дәрменсіздік танытамыз. 

Өзге елдің әдет-ғұрпына еліктейміз. Әр елдің  ұлттық дәстүрі тек сол ел  

үшін үлгілі де қасиетті.

Халқымыз «ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді. Осы бесікті  түзейтін  

аналар. Ол үшін әрбір ана үлгілі, көрегенді, көрікті, ақылды болуы тиіс. Ана 

бойында ең  бастысы жоғарыдағы бір ауыз сөз «ұят»  болуы керек. «Ұят»  де-

ген еңбектеген баладан  бастап еңкейген қариялар бойында  өмір бойы болуға 

тиісті асыл қасиет. Әрбір ана санасынан орын алса, әлгі түзу бесік солардың 

қолында  болады.  Ал  түзу  бесіктен    қандай  ұрпақ  шығатыны  айтпаса  да 

түсінікті. Осы түзу бесікке иелік етіп болашақ ана  болатын қыздарымыздың 

бүгінгі жай-күйі, жан сыры қандай!? Өз басым олардың жартылай жалаңаш 

киініп,  кіндігін  көрсеткен  күйге  ұшырағанына    өкінемін.  Бұл  қазақта    еш 

уақытта болмаған көрініс.  Бұл тек жоғарыда айтылғандай, батыс елдеріне 

тән,  өздеріне  жарасымды  өмір    салты.  Етегі  жабылмаған    надан  анадан 

қандай ұрпақ туады? Сонда біз келешек қоғам тізгінін кімге  қалдырамыз? 

Мүмкін кейбір ата-аналар «жағдайға қарай киіне  берсін, кейін  есі кіреді ғой, 

қазір жас, онда тұрған не бар»  дейтін шығар. Бұл қате пікір, себебі, ол осы 

жағдайға бойын үйретіп алады.      

«Адам  болып  туылу  –    анадан,  хайуан  болу  –    өзіңнен».  Отбасында 

ұрпағына  ислами  тәрбие берген ата-ананың қызы қылықты, ұлы  ұятты бо-

лып өседі. Ал  тал бесікте  тәртіп-талапқа сүйенбесе отбасы  ыдырап, ортақ 

ауызбіршілік те болмауы ғажап емес. «Тәрбиесіз берілген білім – білім емес», 

әсіресе, діни тәрбиесіз өсетін жасөспірімнің рухани азығы  аз болады. 

Ислам  дінінің  міндеттерін  негізге  алып,  парыз  болған  әрбір  аятқа 

жауапкершілікпен  қарайтын  жандар  екі  дүние  есігін  теңестіре  алмай 

келеді.  «Қыздарыңыздың    жақсы    болғанын  қалайсыздар,  өтірік  айтпауға, 

адамдыққа үйреткілеріңіз  келеді. Барлық жақсылықтың да,  адалдықтың да, 

адамгершіліктің де, тазалықтың да жолы бір-ақ жол. Ол – Имандылық жолы». 

Иманды болу – парызың. Иман – адам бойындағы асыл қасиеттердің бастау 

бұлағы, баға жетпес байлығы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет