Каз Мектеп-10-2015. indd


 Соңғы рет қандай кітап оқыдың? 2



Pdf көрінісі
бет65/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

1. Соңғы рет қандай кітап оқыдың?

2. Кітапханаға жиі барып тұрасың ба?

3. Саған қандай кітаптар ұнайды?

“Кітапты көп оқимын дей алмаймын. Бірақ, қалайда оқуға уақыт табуға 

тырысамын.  Мәселен,  әкем  “Абай  жолы”  кітабын  міндетті  түрде  оқып 

шығуды тапсырды. Қазір соны оқып жатырмын, бірақ әлі аяқтаған жоқпын. 

“Несімен ұнады?” дейсіз бе? Абайдың балалық шағы, әжесімен, анасымен, 

Әйгеріммен қарым-қатынасы ұнады. Кітапханаға, әсіресе, сабаққа дайында-

лар кезде барып тұрамын”. 

Баланы  кітап  оқуға  үйрету  үшін,  ең  алдымен,  ата-аналарға  кеңес  беру 

керек. Балаға бір жасында-ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби 

кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Кейбір ата-аналар “мектепке барып, әріп 



таныған  соң-ақ  оқып  үлгереді”,  –  деп  ойлайды.  Бұл  дұрыс  емес.  Баланы 

кітапқа  қызықтыру  үшін  суретті,  санамақ  кітаптардан  бастау  керек.  Үнемі 

газет-журнал, кітап оқып отырған ата-ананы көрген бала кітапқа қызығып 

өседі.  Балам  кітапқа  қызықпайды,  –  деп  бар  кінәні  баласына  жауып,  өзі 

бірде-бір кітап оқымайтын ата-аналар да бар. Меніңше, салмақты, өзін-өзі 

ұстай білетін балалардың жаны кітапқа құмар келеді. Өйткені, оның өзіндік 

ойы, қиялы, әлемі бар. Ал көп жүріп-тұрып, күлетін бала кітапқа аса жақын 

болмайды. Бала қызық кітапты кітапханашымен, ұстазымен, құрбыларымен, 

дос тарымен  кеңесе  отырып  таңдауы  керек.  Себебі  оқуға  ынтасы  болып 

тұрған баланың қолына қызықсыз, тартымсыз кітап түссе, оның құлшынысы 

күрт басылып қалуы мүмкін. Кітапты оқығанда бала ондағы кейіпкерге не-

месе тұлғаға қызығып отыратындай болуы керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет