Каз Мектеп-10-2015. indd


Кітап    оқуға  деген  қызығушылықтың  төмендеуі  неден?



Pdf көрінісі
бет66/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

Кітап    оқуға  деген  қызығушылықтың  төмендеуі  неден?  Қазір  реа-

лист жастар өсіп келеді. Кеңес дәуірінде бала 10-сыныпты бітіргенше жеке 




62

www


.kazmektep.kz

тұлға  болып  қалыптаспайтын  еді.  Ал  қазіргі  балалар  кішкентайынан  нені 

қажет ететінін біледі. Ол кездің балалары ғалым, ұшқыш немесе әскери адам 

болғысы келсе, қазіргі бала бағдарламашы, заңгер немесе дәрігер боламын 

деп  сол  бойынша  жоспар  құрып  еңбек  етеді.  Қазіргі  балаларда  қиял  жоқ. 

Олар – практик. Екіншіден, жастар түгіл үлкендердің де кітап оқуға уақыты 

қалмай барады. 

Айта кетуіміз керек, қазір балаларға арналған әдебиет өте тапшы. Болса 

да,  бұрынғы  уақыттағы  өмірді  суреттейді,  қазіргі  баланы  қызықтырмайды. 

Мектебіміздің кітапханасында оқимын деген балаға жас ерекшеліктеріне сай 

біраз кітаптар бар, оны кітапханашылар, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері 

ұсынып отырады.  Егер кітап өте үлкен болса, оны оқып шығуға баланың шы-

дамы жетпейді. Жасы үлкейген сайын бала да күрделі шығармаға қарай ауы-

сады. Қазір жан-жақты ақпарат өте көп. Сондықтан балалар әдеби кітапты аса 

қажетсіне бермейді, интернеттен керекті мәліметті ала салады.  Одан бөлек 

ҰБТ-да  шығарма  жазылмайды,  сұраққа  жауап  бере  салады.  Бұл  баланың 

ізденуге, кітап оқуға деген қызығушылығын төмендетеді.

Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы, рухани байлығы болған. Кітап 

оқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала ала-

мыз!


Осынау  кітаптың  құдіреттілігін  мойындап,  кітапты  насихаттап, 

оқырман мен кітап арасын байланыстыру мақсатында жыл сайын  23-сәуір – 

дүниежүзілік кітап мерекесі күні болып белгіленіп тойланып келеді. 

Қазіргі  мектеп  кітапханалары  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің 

2000  жылғы  27-наурыздағы  «ҚР  Білім  жүйесі  кітапханаларының  бірыңғай 

үйлестіруші ғылыми-әдістемелік және ақпараттық орталығы туралы» №249 

бұйрығымен бекітілген. 

Мектеп кітапханасы оқырмандарға сапалы қызмет көрсетіп, кітапханада 

мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып, кітапханаға оқырмандарды тар-

тып, кітапхана қорын есепке алып, кітап қорының сақталуын ұйымдастыруы 

міндетті.

Танымдық  шаралар  оқырманның  ой-өрісін  кеңейтуге  септігін  тигізері 

сөзсіз.  Мысалы,  “Қызыл  кітапқа  саяхат”  библиографиялық  шолу,  “Мен  

оқыған  қызық  кітап”    оқырманның  жазбаша  пікірі,  “Кітап  –  ақыл-ойдың 

қазынасы”  кітапханаға  саяхат  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  кітапхана  мен 

оқырмен арасы байланыса түседі.

Кітап көрмелері арқылы оқырмандар әр тақырып бойынша мағлұматтар 

мен  деректер  алса,  даталы  мерекелі  күндерге  байланысты  көрмелерден 

ақпараттармен, керекті мәліметтермен таныса алады. 

Біздің кітапханада  «Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайынсың ба?» жылдық 

тұрақты білім бұрышы ұйымдастырылып, пән мұғалімдері мен оқушыларға 

әдістемелік  көмек  көрсетіледі.  Кітапханада  жүргізілген  жұмыстардың 

нәтижесі үнемі баспасөз беттерінде жарық көріп отырады.

Баспасөз  беттері  –  жаңалық  жаршысы.  Мектеп  кітапханасы  жыл  са-    

йын мерзімді басылымдарға жазылып, оқырмандардың рухани жан-дүниесін 

кеңейтуге, сыныптарда түрлі оқу-тәрбиелік шараларын өткізуге көп көмегін 

тигізсе, сонымен бірге түрлі байқау-жарыстарға баратын мектеп мұғалімдері 

мен оқушылары көмекші құрал ргетінде пайдаланады. « Білсем, ізденсем ...»  

деген  адамға кітапхана құшағын кең ашады. 

Кітапхана  –  кітаптар  мекені.  Кітап  –  білім  бұлағы,  білім  көзі.  Рухани 

байлық кітап оқу арқылы молаяды. Сондықтан біз  жас ұрпақты кітап оқуға 

баулуды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырамыз.

Жаңа заман талабына ілесу – әр кітапханашының міндеті. Шәкірт сана-

сына зор ілім құяр кітап мекені болса, кітапханашы – тілімізді, дінімізді, ру-

хани байлығымызды насихаттаушы мамандық иесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет