63
www
.kazmektep.kz
дам жылқы мінезді деген бар. Мұның қаншалықты анық-қанығы бір
Аллаға аян. Солай дей тұрсақ та, біздің ұғымымызда санамызға сіңісті
А
КӨҢІЛДЕГІ КӨМЕСКІ ҚАЛМАСЫН
Құрманғазы БЕКСАЙЫН,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
болып қалған, осы нанымның сенімі үлкен философиялық мәнді маңызға
айналғаны соншалық, адам мінез-қылығын жылқы мінезіне, жылқы мінез-
қылығын адам мінез қимылына сайкестірген мақал-мәтел, қанатты сөздер
жетерлік.
Бұл тұрмыс-салт тәжірибесімен бірге жасасып, қалыптасып ғасырдан
ғасырға жалғасқан тәрбиенің ескертпе мұрасы іспетті. Анығырақ айтқанда,
тамаша тәрбие үлгісі.
Байқасақ, өте орынды дәл айтылғаны соншалықты ұғынықты, оған еш
күмән келтіре алмайсыз. Жылқы да мал, бірақ қазақ оны әспетсінгені сон-
дай, амалдың ең ақылды, ең таза тегіне санайды. Сондықтан қазақ «Жақсы
айғыр жатырласына шаппайды», «Жақсы ат иесін жолда қалдырмайды»,
«Жақсы ат желіктіреді, жаман ат зеріктіреді», – деп ой түйген.
Осылай ой өрбіте отырып жылқы жайлы тамаша мақалдар мен
мәтелдерге тоқтала кетейік. «Аттың көркі – құйрық-жалы, құлағы, таудың
көркі – талы мен бұлағы», «Жігіттің көркі – пырақ, көлдің көркі – құрақ»,
«Ат жүйрігі азаптан құтқарады, тіл жүйрігі мазақтан құтқарады»,
«Алысты жақындататын – ат, жақынды алыстататын – жат», «Бәйгеге
қосар атыңның ерін алма – терін ал, жауға шабар батырдың көңілін аулап,
шерін ал!», «Тобан аяқ торыны тойға мінбе, қойға мін. Құлан сирақ құланы
қойға мінбе, тойға мін», «Аттың көркі – жал, адам көркі – мал», «Жорғаны
жорға демесең, жүрісі атқа жетпейді, жемін беріп демесең, жолға тас-
тап кетпейді», «Тұяғы тозбас тұлпар жоқ, қанаты талмас сұңқар жоқ»,
«Соқыр атқа соқыр ат, қотыр атқа қотыр ат үйір», «Арқасына ер батқан
ат – аяңшыл», «Арқасын ер қажаған ат – аяңшыл!», «Арғымақ арықтаса
тулақ, ер жігіт арықтаса аруақ», «Ат тұяғын тай басар»,«Ақша тиын-
нан, жылқы құлыннан», «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішеді, ер
жігіттің басына күн туса , етігімен су кешеді», «Аттың сыры иесіне
мәлім», «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер», «Жылқыда да
жылқы бар – қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар – азаматы
бір бөлек», «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман
адамға мал бітсе, маңына жан жуытпас», «Жүйрік тоқтығын білдірмес,
жомарт жоқтығын білдірмес», «Аттан тай озады, атадан бала озады»,
«Құлын тайға жеткізер, тай құлынға жеткізер, құнан атқа жеткізер, ат
мұратқа жеткізер», «Арғымақ аттың баласы аз оттап, көп жусай-
ды, асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды», «Салтаң жүрген әйелден,
салмай құлындаған бие артық», «Тағасының күмісіне мақтан ба, атыңның
жүрісіне мақтан», «Кісі аты тершіл, кісі киімі кіршіл», «Ауыл толы есек-
тен, арық та болса ат артық», «Ақыл – жас ұланнан, жүйрік – тай-
құнаннан». Тегі жүйрікті жастай баптағанда, «қолтығын жазу» деген бар,
бірақ қолын түсіріп алмау керек. Кез келген қазақ астындағы атын күтіп,
баптап тырысқаны сонау әлмисақтан белгілі десек, жылқы мінезіне, жылқы
табиғаты, болмысына қатысты ой-тұжырымдарда үлкен психологиялық
(рухани көңіл күй қалпы) адам табиғатына сайкестірген өмір шындығы
жатыр. Талдай берсе, әр мақал-мәтел бір ғылыми еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: