Каз Мектеп-10-2015. indd


 Қазақстанға  қандай  мақсатпен  келдіңіз? 2



Pdf көрінісі
бет71/80
Дата03.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#72202
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
Байланысты:
Каз-Мектеп-10-2015

1. Қазақстанға  қандай  мақсатпен  келдіңіз?

2. Абылай  хан  туралы  не  білесіңдер?

3.  Мемлекетіміздің тарихында Абылай ханның рөлі қандай?

Сосын  Англиядан  келген  қонақтармен  кинотеатрға барып, "Көшпен-

ділер" фильмін тамашалаймыз. Ресейден келген қонақтармен мемориалдық 

мұражайға  барып,  көрмеге  қатысамыз.  Қазақстан  тілшілерімен театрға 

барып  қойылым  көреміз.

Слайд. Қойылым.

Абылай ханның түсі.

Абылай      ел-жұртының  алдында    абыройы    асқақтап,    күш-қуаты    да 

кемеліне    жетіп,  дәурені  жүріп  тұрған  шақтардың  бірінде  түс  көреді. 

550 жыл



69

www


.kazmektep.kz

Әдеттегідей,  Бұқар  жырауға  жорытпақ  болып,  “Ақылшым, мен түс көрдім 

дейді. – Табытта  жатыр екенмін. Басымда үш жүздің шашақты байрағы тігіліп 

тұр.  Оны  ашу  мен  қаһарға мінген үш тобыр жұлмалап, жұлып әкеткелі 

тұр…

Табытымның    бір  бүйірінде  азулы  арыстан,  екінші  бүйірінде  айбарлы 



айдаһар жатыр. Төменгі жағымда бір топ үрім-бұтағым,  яғни ұрпағым бар. 

Уәлиден тараған ұрпағым рухыма бағыштап Құран түсіріп жатыр. Қасымнан 

өрбіген  ұрпағымның  ішінен  бір  батыр  тұлғалы  тентегім  алмас  жүзді 

қанжарын қайрап, мені қауіп-қатерден қорғаштап тұр. Ал мен өліп жатсам 

да, екі бүйірімде жатқан азулы арыстан мен айбарлы айдаһарға кезек қарап, 

«Мыналардан қалай құтылам?», – деп жанталасудамын. Осы түсімді жорып 

беріңіз».

Бұқар аз-кем  ойланып, «Хан ием, түс жору – түлкі аулаумен тең. Десе де, 

жорып  көрейін» деді. «Сөйлеңіз, көмекей әулием». Абылай Бұқар жырауға 

құлақ түріп, талай тығырықта уәлі сөзімен жол тауып кеткен кеңесшісінің 

аузына  қарады.  Көп  бөгелмей  жырау  бабамыз  сөйлей  жөнеледі.  «Қырыққа 

жетпей  табытта  жатқаның  –  ғұмыр  жасыңның  ұзақ  болатынын  айтады. 

Басыңда үш жүздің байрағы тігіліп, оларға үш бірдей тобыр таласып жатса, 

қазағыңды  құраған  үш  жүзің  ақ  киізге  отырғызып  сайлаған  хан  болғаның. 

Бірақ, хан тағына ие болғаныңмен, қабырғалы халқыңа ие бола алмайсың. 

Сен  бақилыққа  аттанған  күннен  бастап  қарауыңдағы  елдің  іргесі  ыдырап, 

шаңырағы шайқалады. Жан-жаққа шашырайды.

Табытта  жатып, қос бүйіріңдегі  азулы арыстан мен  айбарлы айдаһардан 

қалай  құтылудың  жолын таппай  жанталасқаның – өле-өлгенше халқыңның 

қос қапталындағы  алпауыт  екі мемлекетке  жалтақтағаның.  Екі  мемлекеттің 

түртпегінен    аман    шығудың    айласын    іздегенің.  Ал    төменгі  жағыңдағы 

өзіңнен  тараған  үрім-бұтағыңның  ішінен  бірі  рухыңа  бағыштап  Құран 

оқыса, бірі қанжарын қайраса – Уәлиден өрген бір тұқымың есімін қағазда, 

Қасымнан өрген бір тұқымың есімін майданда қалдырады» депті.

Түс  жорушының  сөзіне  тынып,  тұнжырап  отырған  хан  осы  сәтте 

«Мен  қайда  қаламын  сонда?»  деп сауалын  төтесінен  қояды. Жырау тосыл-

майды. «Басыңа үш байрақ бекер тігілген жоқ.   Ісіңді  ел ұнатса, үш жүздің  

жүрегінде  қаласың!»  дейді.

Бұл  қойылымнан  кейін  балалар  алдарында  жатқан  құралдарды  пай-

даланып,  ақпарат  жазуға  кіріседі (музыка, домбыра).

Жұмыс      дайын    болған    соң    әр    топтан    бір    оқушы    шығып,  өз  

жұмыстарымен  таныстырады,  қалғаны  қонақтарға   сұрақтар   қояды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет