символы болып саналып келеді.
36
www
.kazmektep.kz
Түр-түс атауларына тән осы бір символдық ұғымдар олардың тек өз
бояу-реңтері арқылы ғана емес, белгілі бір заттарға, жалау, мата, киім, мал
түгі, т.б. байланысты санамызда қалыптасқан салтымызға айналғандығын
көреміз. Енді бір ғажабы, бұл дәстүрлі символдардың, олардың шартты
белгілерін рәміздік нышандар деп атауға болады, халықтың жағында ғана
емес, сонымен қатар әр алуан тұрақты тіркес, фраза, теңеу-салыстыру,
мақал-мәтел, т.б. түрінде тілімізде сақталып ұрпақтан ұрпаққа рухани
байлығымыздың бір мәйегі ретінде ауысуында болып отыр.
Біз енді осы тіліміздегі кейбір символдық мәні бар заттар мен құбылыс-
тарды білдіретін тіркестерді талдап көрейік.
Қазақ тілінде «қара» түстің де символдық мағынада қолданыс шеңбері
кең. Жоғарыда келтірілген, негізінен, «ақ» түске қарама-қарсы контрастивті
мағыналардың ауқымында ол да көптеген зат, құбылыс және іс-әрекет атау-
ларымен тіркесе келе, әр алуан символизмдердің жасалуына ұйытқы бола
алады. Олар: қара, қара тұту, қара жамылу, қара ту, қара тігу, қараны жығу,
қараны сындыру, қаралы көш, қаралы жыл, қарала ат, қаралы ер-тұрман,
қарашы, қарашаңырақ, қара қазан,қара шымылдық, қара жаулық, т.т.
«Қара» түске қатысты осы тәрізді символдық мәні бар тіркестерді
көптеп келтіруге болады. Бұлардың бәрі, әдетте, жай ұғым-түсінік ретінде
қабылданады да символдық мағынасы көмескіленіп тұрады. Оны тек өмірдің
нақтылы көрінісінен, не көркем шығарма контексінен айқын көруге болады.
Мәселен, М.Әуезовтің «Абай жолы» романында мынандай көрініс
суреттеледі. «Байдалы өлік үстінде тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз
қолыменен әкеп қара тікті. Бұл жұмыс өліктің артын күтудің үлкен бір
серті еді. Қара дегені – ұзын найзаның басына тігілген қара түсті ту»
(3 том., 197-б.).
Өлім-қазаға байланысты аза тұту дәстүрінің бұл бір-ақ көрінісі.Ол салт-
дәстүр ондаған символдық мәні бар жеке көріністерден, әдет-ғұрыптардан
тұратынын осы романнан айқын көреміз. Өлген адамның «атын тұлдау» рәсімі
бойынша аттың жал-құйрығын күзеп, ел көшкенде оны ерттеп, тоқымын
қайыра тартып, үстін қара жабумен жабулап жетекке бос алып жүруді талап
еткен «тұлданған ат» марқұмның жылдық асында міндетті түрде қүрбандыққа
шалынатын болған. Мұны «қараны жығу» деп атаған. Осы тәрізді атрибуттар
мен іс-әрекеттердің бәрі де салттық символдық сипат алып дала салтында
орындалып келген. Ал сол үйде бір жылдан бері белдеуінде тігулі тұрған қара
туды ырымын жасап болғаннан кейін табанға салып сындыру салты «қараны
сындыру» деп аталған.
Мұндай символдық мәнге ие ырымдар көп болған, тілімізде олардың
атаулары сақталса да, мағынасы бүгінде ұмыт бола бастады. Мәселен, өлім-
жітім рәсіміне байланысты «қара» символынан туындаған «қарашы» деген
сөзді елдің бәрі біле бермейді. (Е.Жанпейісов. Этнокультурная лексика казах-
ского языка – Алматы, Наука, 1989, с. 52–60.) «Қарашы» – өлген адам бойын-
ша аза тұтып, артын күтіп, оған құрмет көрсетуші, тілеулес адам. Бұл сөз
«Манас» эпосында да бар екен. «Менің көзім өткен соң жұртым, Қарашы
болып тұра гөр...», – деп жазғанын білеміз.
Түр-түс әлемінің күрделі құбылыс болу себебі: оның атауларының са-
нына ғана емес, алуан түрлі мағынасына сол мағыналардың бірі – олардың
символикалық, рәміздік, нышанды мәні мен қызметіне де байланысты келеді.
Әдебиет
1. Қайдаров Ә., Ахтанбердиева З., Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. – Алма-
ты: Ана тілі, 1992. – 158-б.
2. Кононов Н.О. О семантике слов «қара» и «ақ» в тюркской
географической терминоло-
гии. – 1954, вып 6.
Достарыңызбен бөлісу: