Казақ петроглифтері (КӨне тамыры мен сабақтастығЫ) зайнолла самашев жұмаш жетібаев алматы 2005



Pdf көрінісі
бет26/42
Дата14.09.2022
өлшемі14,2 Mb.
#149464
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
0bf015051342258c33ab09c17b70a178

Қошқар — батырлық, мықтылық символы. 
Қошқарды көптеген халықтар батырлықтың, 
мықтылықтың символы сапагап. Оган кейбір жазба деректерде кездесетін сасанидтік иран 
билеушілерінің бастарына киген (Литвинский, 1968, 88—89 бб.), сондай-ақ Керчевтен табылған күміс 
табақшадағы (VI г. жататын) патша бейнесінің басындағы қошқар басы іспетті дулығаларды мысалға 
алуға болады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше бұл дулығалар бір жағынан соғыс және жеңіс 
қүдайы Веретраганамен байланысты болса, екінші жағынан — патша "фарнасын" корсетеді (Лившиц, 
Луконин, 1964, 79 б.). Қошқ-арды батырлықпен теңестіруді біз сондай-ақ қазақтың батырлық 
жырындағы Қобы-ланды образынан коре аламыз. Ол кейбір көріністерде "ай мүйізді, тозімді әрі батыл 
қошқармен" теңестіріледі (Кобыланды батыр, 1975, 34 б.). Батырлық-тың, мықтылықтың нышанын 
қазақтыц мына бір салтынан да байқауға болады. Бүл салт бойынша қазақтар жаца туган үл баланың 
кесілген кіндігін оскенде батыр болсын деп қошқардың мүйізіне байлап жіберетін болған. Ел 
ара-сында кездесетін Қошқарбай, Қошқарбек сияқты ер есімдері осындай сенімнен туса керек. 
Кршқар (қой) — жебеуші. 
Ескі нанымдарға сүйенсек, түйе, жылқы сияқты қой түлігінің
және оның кейбір анатомиялық мүшелерінің адамдарды тіл 
110-сурет 
96 


98 
көзден, пәле-жаладан, ұры-қарыдан, ит-құстан қорғап, 
сақтай алатын қасиеті болған. Қазақ салтында қойды 
басқа теппейді. Өйткені, ол — киелі болтандықтан 
олар-дың қылшығын, жүнін, сүйегін тіпті тұяғын да 
қасиетті деп ұғып, оларды тікелей тұмар ретінде 
пайдаланған. Мысалы, хорезм өзбектері балаларды 
әртүрлі пәле-жаладан қорғау үшін үйде қошқар үстаса, 
ал қазақтар тіл-көзден сақтайды деп қошқ-ардың 
немесе архардьщ мүйіздерін көктеу жайлауларындағы, 
күзеу-қыстауларындағы биік жерлерге, ата-бабалары 
жатқан қабір үсті қүрылыстарының үстіне (121-сурет) 
немесе мүсылман әлеміне тән жарты айдың белгісі 
сияқты қылып бір сыңарын қабір жанындағы сырықтын, басына байлаған (122-сурет). 
Мұндай салтгы озбек-тер мен түркімендерден (Басилов, 1963, 136 б.) де кездестіре аламыз. Келе-келе 
мүндай үғымдар ою-орнекке ауысты; кейбір заттар, олардың болшектері қойдың дене мүшелеріне 
ұқсатылып жасалынды. Қазақ және Орталық Азияның басқа да түркі халықтарының қолөнер 
бүйымдарында кездесетін "қошқар мүйіз", "қос мүйіз", "сыңар мүйіз" оюлар осындай 
наным-сенімдерден туса керек. Әртүрлі пәле-жаладан, үры-қарыдан, ит-құстан сақтайтын қой 
түлігінің келесі бір мүшесі — корі жілік. Оны мал баққан кошпелі ел, әсіресе, қазақтар ер-түрманның 
әбзелі есебінде және ат пен ер-тоқымды сақтайды деген наныммен ердің алдыңғы қасына іліп қоятын 
болған (Уәлиханов, 1985, 186—187 бб.). Осындай наным-сенімге байланысты кәрі жілік туралы 
ан,ыздар пайда болды. Соидай аңыздардың бірінде: "Бір келіншек базарға бара жатқан қайын атасына 
бір түйіншек бере тұрып жолда оны ашпай үйге сол күйінде қайтып әкелуін тапсырады. Атасы 
базардан қайтар жолда түйіншекте не бар екен деп ашып караса түйіншекте қойдың қырық кәрі жілігі 
бар екен. Шал бұған ызаланып көрі жіліктің бәрін лақтырып жіберісімен-ақ шалды қарақшылар 
қоршап, оның барлық мүлкін тартып алады. Содан соң қарақшылырдын; басшысы шалға келіп одан 
қырық атқа салт мінген күзетшілерінің қайда кеткенін сүрайды. Шал сонда ғана кәрі жіліктердің езін 
қорғап, желеп-жебеп келген сенімді күзетшілер екенік түсініпті" (Хозяйство казахов..., 1980, 133 б.). 
Қошқар — өніп-өрбу символы. 
Оніп-орбудің тіршіліктің қайнар коздерінің бірі су десек, суды 
және оның көздерін көптеген халықтар қандай да бір хайуанға теңеп, солардың образдарына 
сыйынған. Сондай жануарлардың бірі — қошқар. Мысалы, ол (қара қошқар) — Солтүстік Кавказ 
халықтарында қара 
111 -сурет 


99 
бүлтқа теңестіріледі (Гаджиев, 1991, 201 б.) . Содан қалса керек, Орталық Азия мен Кавказ халықтары 
қүрғақшылық жылдары қүдайға жалбарынып, жаңбыр сүрап, қошқарды қүрбандыққа шалып 
"тасаттық" берген. Осындай сенімдерден туған түрмыстық заттардың бірі — Үстірт қазақтарының 
қүдық басындагы мал суғаратын тас астауы (123-сурет). Түбінде артық суды ағызып жіберетін скі 
тесігі бар бүл астау көз алдымызға қарыны жарылып, шалқасынан жатқан, яғни жаңбыр үшін 
қүрбандыққа шалынған қошқарды елестетеді. Олай дейтін себебіміз, сопақтау болып келген бүл 
астаудың бір басының ішкі жағына қошқар басының бейнесі қашалған. Өніп-орбу символына 
сондай-ақ қазақтың мына ырым-жораларын да жатқызуға болады. Бүл ырым-жоралар бойынша 
қойдың мойын омыртқасын тіс тигізбей мүжып, сол күйінде кереге басына іліп қою ырымы жас 
собидің мойыны жылдам бекиді деген сеніммен шықса, қалың-дығын әкелуге барған күйеудің 
шаңырақ көзінен мойын омыртқаны сыртқа қарай тастау әдеті болашақ жаңа отаудың түтіні әрқашанда 
шаңырақтан шығып түрсын, оты ешқашан сөнбесін деген тілек-арманға, магиялық сенімге байланысты 
қалып-тасқан (Арғынбаев, 1973, 204 б.). 
К,ошқар — туысқандық символы. 
Қой түлігі сонау көне замандардан күні-бүгінге дейін 
отбасыларын, руларды, бүтінін халықтарды бір-бірімен жақындастырып, туыстырып келе жатқан 
түліктердің бірі. Оған алысқа бармай-ақ, қазақтың мына бір ырымын мысалға алуға болады. Бүл ырым 
бойынша: ертеде қүда түсуге байланысты мәселе әбден шешіліп болғанда құдалық 
бүзылмау 
үшін 
анттасып 
бата 
қылы- 
сқан. 
Ол 
үшін 
ақсарыбас 
айтылып, 

оның 
бауыздау 
қанына 
қол 
батыры- 
п, 
бас 
құдалар 
бата 
бүзбауға 
серттесіп 
уәде 
бекітеді. 
Бүрынырақта 
қойдың 
бауыздау 
қаны 
қүйылған 
ыды- 
сқа 
екі 
жақтың 
бас 
құдалары 
найза- 
ларының 
үштарын 
батырысып, 
"қа- 
нымыз 
қосылды, 
туысқан 
болдық" 
деген 
ишаратты 
білдіру 
үшін 
қанды 
бөліп ішетін әдет те болған. Бас құда- 
лардың 
халық 
арасында 
"бауыздау 
қүда" 
атануы 
да 
осыдан 
болса 
керек 
112-сурет 
(Арғынбаев, 1973, 184 б.). 


114-сурет 
100 


115-сурет 


118-сурет 
102 




118-сурет 
104 


123-сурет 
105 
121-сурет 


106 


123-сурет 
107 
9- кесте 
1



118 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет