Жинақтаушы рейтинг (R1, R2) пән бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (2-7, 8-15 апта) білім алушылардың оқу жетістіктерінің орташа ағымдағы бақылауы болып табылады, ол сабақтың әрбір түрі бойынша орташа ағымдағы бақылаулар (ОАБ) қорытындыларының сомасын ескере отырып есептеледі.
Емтиханға жіберудің қорытынды рейтингі R = (жинақтаушы R1+ жинақтаушы R2) /2.
Әрбір пән бойынша Емтиханның қорытынды рейтингі (R) кемінде 50% құрайды. Ағымдағы бақылаулардың (АБ) нәтижелерін оларды арттыру мақсатында өзгертуге жол берілмейді.
Аралық аттестаттау (емтихан-E);
Проценттік мазмұндағы пән бойынша қорытынды баға (I).
Ағымдағы үлгерімді бақылау оқу сабақтары кезінде өткізіледі, практикалық/зертханалық және семинарлық сабақтарда сөз сөйлеу, өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау бағаланады: СОӨЖ және СӨЖ. Әрбір жинақтаушы рейтинг (R1, R2) ішінде ағымдағы бақылаудың кемінде 9 бағасы болуы тиіс – практикалық / зертханалық және семинарлық сабақтар үшін кемінде 3, СОӨЖ үшін тапсырманы орындау үшін кемінде 3, СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін кемінде 3.
Ағымдағы үлгерімнің барлық бағалары баллдық-рейтингтік жүйенің 100 проценттік шкаласы бойынша қойылады.
Сабақтардың барлық түрлерін өткізіп жіберу бойынша дәлелді себептер болған кезде-журналға "Ж" (ауруы, отбасылық және қызметтік мән-жайлары бойынша) қойылады және соңғы аптаның алдындағы аптада (6 және 14) бақылау тапсырмаларының тапсырылмаған түрлерін (оқу материалының 20% - дан аспайтын) бағалауды ұзартуға жол беріледі. 7 және 15 аптада "Platonus" ААЖ автоматты түрде 1 (R1) жинақтаушы рейтингін және 2 (R2) жинақтаушы рейтингін есептейді және шығарады.
Өздік жұмыс: оқытушы белгілеген кестеге сәйкес орындалады. Өздік жұмыс ретінде студенттер "Platonus" ААЖ немесе Moodle (оқытушының қалауы бойынша) тапсырмаларын орындайды, осы білім беру порталдарында әрбір тапсырманы орындау бойынша талаптар орналастырылған.
Емтихан (E) семестр аяқталғаннан кейін, пән бойынша жіберудің оң қорытынды рейтингі кезінде (кемінде 50%) өткізіледі және аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) кезеңінде өткізіледі.