Джордано Бруно (1548-1600 жж.) – дін қызметкері, философия докторы. Философиялық идеяларын жалған деп, одан бас тартпағаны үшін 1600 ж. 17 ақпанда баяу жанған отқа өртеліп өлтірілді. Оның философиясы – материалистік пантеизм деп анықталады.
Дж. Бруно ілімінің философиялық тікелей бастаулары Н. Кузанский мен Б. Телезионың еңбектеріне сүйенеді. Жаратылыстану ғылымдары саласында оған Н. Коперниктің астрономия идеялары үлкен әсерін тигізеді.
Бруно табиғат философиясы мәселелерін шешуге бағыттайды. Философияның мақсаты табиғатты тану деп есептейді.
Бруно философиясының арқауы – құдайлық пен табиғаттық, материалдық пен идеалдық, денелік пен руханилық, ғарыштық пен жерлік, парасаттылық пен сезімдіктің диалектикалық бірлігі туралы ой.
Құдай мен табиғат қатынасын Бруно пантеизм тұрғысынан шешеді. Сондықтан ол,
біріншіден,Құдайдың әлемнен толық бөлектенуін жоюға, олардың бірлігін көрсетуге
ұмтылады. Құдай өзіне тиісті сапада болмыстан «тыс» және «үстінде» емес, барлық жерде
және жан-жақта бар; екіншіден,ол Құдай мен табиғатты жиі теңестіреді, табиғатты өз
алдына дербес бастау ретінде қарастырады. «Табиғат дегеніміз – Құдайдың өзі немесе з
аттардың өз ішіне жасырынған құдайлық күш»; үшіншіден, антика философтарының
(Парменид, Демокрит, Эпикур, Лукреций т.б.) ықпалымен Құдайды тек табиғатпен ғана
емес, материямен де байланыстырады.
ДЖОРДАНО БРУНО
4. ДЖОРДАНО БРУНО ФИЛОСОФИЯСЫ
Бруноның субстанция туралы ілімін зерделеп қарасақ, оның әлемдік жанды денелік, материалдық бастаудан айырмайтынын, оларды біріккен бүтін біріккен субстанцияның өмір сүретінін мойындайтыны анықталады. «Біз, - деп пайымдайды Бруно, - екі түрлі субстанцияны табамыз - біреуі рухани, екіншісі денелік, бірақ бұл екеуі соңында бір болмысқа және бір түбірге (негізге) саяды» (Бруно Дж. Диалоги). Тек осы біріккен субстанция универсумдардың соңғы, ең бір терең бастауы болады.
Сезімдік танымның алдында шексіздік мағынасы ашылмайды. Ес танымда үлкен орын алады. Сезімдік деректерді ой елегінен өткізіп, оларды жинақтау еске түсіріп, көз алдына ойша елестету арқылы жүзеге асады. Табиғаттың ең жоғарғы құпияларына жету мүмкіндігін сезім көрсеткіштерін жинақтаушы парасат (интеллект) береді. Бруно кейбір еңбегінде бұл иерархияның төртінші сатысына ақылды қосады.
Дж. Бруноның жаратылыстану салаларындағы философиялық ғылыми идеялары схоластикалық дүниетанымдық көзқарасты жеңуге үлкен үлесін қосты.
Бруно табиғат философиясы мен космологияда схоластика қағидаларына, ортағасырлық
дін іліміне қарама-қарсы, оған «діннен безген» деп кінә тағуға себеп болған бірнеше пікірді
ұсынады. Ол Құдайдың шексіз құдіретінің шектеулі, өткінші заттарды жасаумен
тұйықталып қалмайтынын, табиғат пен ғаламның да шексіздігін дәріптейді.
Ол тек қана ақылдың көмегімен әлемнің бірлігін, ондағы қарама-қарсылықтардың
диалектикалық сәйкес келуін және оның шексіздігін тануға қол жеткізіледі, ақиқатқа
жетудің мәнді бастауы – парасат болады деп есептейді.