Қайта өрлеу заманының көрнекті ойшылдарының бірі Н. Кузанский (1401-1464 жж.) философ, Рим католик шіркеуінің кардиналы. Ойшылдың философиялық еңбектерінің таңдаулысы – «Ғылыми білімсіздік». Философиялық идеялары –пантеизм деп аталады.
Кузанский«Құдай абсолюттік жоғарғы шек, шексіздік бола отырып, ешқандай шектеуліден зиян көрмейді. Ол болашақ бөлшектенбейтін, абсолюттік ең кіші шек те болады», – деді. Құдайдың абсолюттік жоғарғы шек ретінде пен абсолютті кіші шектің сәйкес келуі: біріншіден, Құдайдың бар ғаламды мекендейтіні (бәрі-барлығында) және әлемнің құдайдан тыс өмір сүретінін мойындау (әрбір зат белгілі бір дәрежеде өз ішінде барлық басқа заттарды ұстайды, тұтынады); екіншіден, Құдай дегеніміз – себеп пен салдардың, демек жасампаздық пен жаратылғанның бірлігі; үшіншіден, көзге көрінетін заттар мен Құдайдың мәні сәйкес келеді, ол бұл әлемнің бірлігін қуалайды.
Күрделі атауға ие болған «Ғылыми білімсіздік» еңбектің мәні ақиқатты іздеу жолында
Құдайлық бастау барлық ғаламның шексіз мүмкіндігі болады. «Мәңгілік дүниеге келу» шектеусізден шектілердің, дарадан көптің, абстрактілі қарапайымнан нақты күрделілердің, дербестің өрбуінен тұрады.
Н. Кузанский космологиясының бастауы жердің Ғалам орталығы еместігін, оның басқа планеталар, мысалы Күн сияқты өз табиғатының бар екенін және әр уақытта қалыпты қозғалыста болатынын болжауға мүмкіндік берді.
Н. Кузанский табиғат әлемін, әлемдік жанмен жанданған тірі ағза есебінде елестетеді. Бұл әлемнің барлық бөліктері жалпы байланыста болады, қалыпты қозғалыста өмір сүреді. Табиғат қайшылықты, ол қарама-қарсылықтардың бірлігі есебінде көрінісін табады.«Барлық заттар, – дейді ол, – қарама-қарсылықтардан тұрады, біреуі екіншісін жеңуі арқылы өз табиғатын екі түрлі қарама қарсылықтар арқылы айқындайды... шексіздік бізді кез келген қарама-қарсылықты толық меңгеруге мәжбүр етеді» (Кузанский Н.).
Универсум бастауы идеясын Кузанский жаңа платоншылдардың эманация (латынша
emanatio – өту, тарату деген сөз. Антика философиясында кездесетін универсум,
яғни жоғары және жетілген онтологиялық сатыдан жетілмеген және төменгі
сатыларға өтудеген сөз қағидасына сәйкес дамытады.
Адам жаратылысынан табиғатты тануға деген қабілетке ие болған микрокосм.
Оның таным мүмкіндігі құдайдікіне ұқсас, еркін шығармашылық ақыл арқылы жүзеге а
сады. Ақылдың үш түрі, үш түрлі қабілет: сезім (сезім мен елестетуден тұрады),