“Секіріп ойнау”
Бастау сызығы белгіленеді. Ойыншылар күштері шамалас екі топқа
бөлінеді де, бастау сызығының арғы жағынан баған болып тұрады. Топ
капитаны таңдалады. Капитандар бастау сызығына бір ойыншыдан жіберіп
тұрады. Ойыншылар сызықта тұрып, неғұрлым үлкен секіріс жасайды. Келесі
ойыншы секірісін алдындағы ойыншы түскен жерінен бастайды және т.с.с.
Орыннан секірісін жасаған ойыншылар бағанаға оралып, соңғы болып тұрады.
Ойын топтың барлық қатысушылары секіріп болмайынша жалғасады. Ең ұзын
секірген топ жеңіске жетеді.
Ереже:
1.
Секіріс жасаған кезде сызықты басуға болмайды.
2.
Нәтижесі өкше тиген жерден өлшенеді.
3.
Егер ойыншы құлап қалса – оның жерге қонуы оның бастау сызығына
жақын орналасқан жерінен белгіленеді.
4.
Топтың әр бір қатысушысы секіруге қатысуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |