Казахстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫН ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ



Pdf көрінісі
бет2/57
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#110800
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
1. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫН ҚҰРУДЫҢ НЕГІЗГІ 

ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРЫ 

Дене тәрбиесі сабағы туралы жалпы ережеге бағына отырып жоғарғы оқу 

орында дене шынықтыру сабағы 1,2-курс студенттеріне,  оқу бағдарламасының 

мазмұнына,  педагогикалық  міндеттерді  шешудің  тұтастығына,  оқудың  күн  

тәртібіне  және  өзге  де  жалпы  білім  беретін  сабақтардың  қатарындағы  әр 

сабақпен шартты байланыста болып келетін ерекшеліктерге ие болады. Мұның 

барлығы  сабақ  өткізу  әдістерінде  дене  шынықтыру  сабақтарында  арнайы 

талаптар орындауды қажет етеді. 

Студенттердің    дене-бітімінің  дұрыс  дамуы,  денсаулығының  нығаюы, 

жұмыс  қабілетінің  артуы  сыртқы  ортаның  қолайсыз  жағдайларына  қарсы 

тұруға  ықпал  етеді.  Жақсы  денсаулық  -адамның  еңбек  және  қоғамның  іс-

әрекетке  жемісті  қатысуының  маңызды  кепілі.  Студенттердің    денсаулығына 

қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан 

тыс  уақытта,  спорт  секцияларында  дене  тәрбиесін  күн  сайын  ұйымдастырып, 

қолайлы жағдайлар жасау қажет. 

 Табиғи  қозғалыстың  түрлері  жүгіру,  қарғу,  жүзу,  лақтыру,    велосипед 

тебу, акробатика т.б. өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. 

Жас  адамдардың  денесі  түрлі  жаттығулар  көмегімен  ширап,  дамиды. 

Сондықтан  күш,  жылдамдық,  төзімділік,  икемділік  сияқты  адам  қабілетін 

дамыту  студенттердің    қозғалтқыш  тәжірибесін  байытады,  дене  қозғалысын 

үйлестіреді.  Дене  тәрбиесі  саласында  ырғақ,  жеке  гигиена,  дене  шынықтыру 

мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. 

 Дене  тәрбиесі  ең  басты  күн  тәртібін,  яғни,  еңбек,  демалыс,  тамақтану, 

ұйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруды  талап етеді. Күн тәртібін 

тиімді  пайдалану  студенттердің    ақыл-ойы  мен  дене  құрылысының  дұрыс 

дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі. 

Күн  тәртібін  бұзбау  міндет.  Тәртіп  дегеніміз  -  демалыс,  тамақтану,  жеке 

тазалық  және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану. 

Жоғарғы  оқу  орындарында    дене  тәрбиесін  оқытушысы    басқарады. 

Олардың жұмысының мазмұны: 

˗

 

шәкірттерге  оқу,  еңбек  және  демалыс  ырғағын  ұтымды  пайдалануды 



үйрету,  студенттердің    денсаулығын  үнемі  бақылау,  жұмыс  қабілетін 

жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. 

˗

 

оқу  күні  және  оқу  жылы  бойында  қозғалыс  жасау,  қозғалтқыш  әрекетке 



үйрету  және  қозғалтқыш  сапаларын  дамыту,  дене  шынықтыру  және 

сауықтыру жұмысын тиімді өткізу. 

Дене  тәрбиесін  жоғарғы  оқу  орнында    және    университеттен    тыс  оқу 

орындарында  спорттық  базаларда  іске  асыру  үшін  төмендегі  талаптарды  еске 

алған жөн: 

˗

 



студенттердің  бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу. 

˗

 



жаттығушылардың  денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру. 


 

˗



 

спортпен  шұғылдануға  студенттердің  тұрақты  қызығуын  және  қабілетін 

дамыту. 

˗

 



негізгі қозғалтқыш сапаларын дамыту. 

2.  Дене  тәрбиесінің  мазмұны,  міндеттері  және  формалары  әрбір  жоғарғы 

оқу  орындарының  жағдайларына  байланысты  дене  шынықтыру  және 

сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді. 

Сабақ өткізудің педагогикалық  талаптары 

Оқыту  мен  тәрбиелеудің  педагогикалық  талаптары  әрбір  сабақты  дұрыс 

құра білудің негізі болып табылады. Оқу жұмысы ретінде өткізілетін жоғарғы 

оқу  орындарындағы  дене  тәрбиесінің  міндеттері  төмендегідей  болады:  жаңа 

жаттығуларды үйретуде белгілі бір қимыл дағдыларын қайталау және оны берік 

етіп қалыптастыру, студенттердің меңгергендерін тексеру және оны бағалау т.б. 

Бұл  міндеттер  сабақтың  құрылымына,  мазмұнына  және  оны  өткізудің  әдісіне 

әсер  етеді.  Өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  дене  тәрбиесі  жалпы  тәрбиенің 

ажырамас  бөлігін  құрайды.  Ол  өнегелі,  ақыл-ой  және  эстетикалық  тәрбиемен 

бірлікте жүзеге асады. 

Сонымен  қатар  үйрену  барысында  шешілуге  тиісті  тазалық  міндеттері  де 

қойылады,  мысалы:  студенттердің  бұлшық  еттерін  нығайту,  мүсінді  дұрыс 

ұстай білу дағдысын қалыптастырады, терең, дұрыс тыныс алуға үйретеді және 

тағы  басқалар.  Жоғарыда  аталған  міндеттер  оқу  барысында  енгізілетін 

болғандықтан педагогикалық міндет болып табылады.  

Қандай да болсын дене жаттығулары мен жаттығулардың кез келген тобын 

үйрету төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: 

1.Студенттердің  белсенді  қызметі  оқу  бағдарламасын  меңгерудің  қажетті 

шарты. Студенттердің дене жаттығуларын үйренуі өзінде бар психикалық және 

дене күшін жұмсауды талап ететін оқу-еңбек қызметі. 

2.Қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастыру. Тек қана қимыл жүйесі сту-

денттердің дене дайындығының сипатын анықтайды. Бірақ, жүйелер түрлерінің 

көп болуы нәтижесінде олар дене тәрбиесінің бағытына және оның нақты мін-

деттеріне байланысты іріктеліп алынуы керек.  

Бұл  жүйелерді  анықтау  тәсілдері  бір  не  өзге  қимылдарды  пайдаланудың 

көп жылдық тәжірибесімен, олардың ауызша және тәжірибелік негізіне сүйене-

ді. 

Дене мәдениеті педагогика тұрғысынан алып қарағанда дене тәрбиесі дене 



мәдениетінің негізгі саласы болып табылатыны жоғарыда айтылады. Педагоги-

ка  адамның  саяси-әлеуметтік  құқықты эстетикалық  жағынан  қоғамға  лайықты 

болуына жауап беретін мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тәрбие 

деп атайды.  

 Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол 

оқытушылар мен студенттерге өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс 

жасауға  көп  мүмкіндік  береді  және  оны  педагогикалық  мақсатта  пайдалану 



 

студенттердің  зердесіне,  сезіміне,  көзқарасына  әсер  ете  отырып  оның 



интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. 

Дене  тәрбиесінің  әлеуметтік  жүйе  және  қоғамдық  құбылыс  есебінде  дене 

тәрбиесі  жүйесін,  оның  қалыптасуы  мен  дамуының  негізгі  заңдылықтарын, 

оның  қызметі  мен  құрылымын  танып,  білудің  қажеттілігі  білім  мен  тәрбие 

талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету 

үшін керек. Дене тәрбиесі тек жоғарғы оқу орнындағы дене шынықтыру сабағы 

ғана  емес,  ол  сабақтан  тыс  денсаулыққа  байланысты  шаралар  жүйесі  екенін 

ескерсек, қазіргі  кезеңдегі білім беру  орындарындағы дене  тәрбиесінің жүйесі 

жастардың  денсаулықтарын  нығайтумен  қоса,  тұлға  бойындағы  биологиялық-

психологиялық  қажеттіліктердің  жан-жақты  жетілуіне,  өмірге  белсенді 

ұстаным  мен  ізгілікті  қатынастарын  дамытуды  меңзейді.  Мұндай  маңызды 

әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші роль атқаратын, дене тәрбиесі 

саласындағы  кәсіптік  бағытта  болашақ  мамандарды  дайындауды  жүзеге 

асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.  

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы  

адамзаттық  құндылық  қағидаларымен  сабақтастыра  зерттеу  –  бүгінгі  күн 

талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.  

Елімізде бәсекеге қабілетті білім – білім беру саласының ең басты міндеті 

болып  отыр.  Дамудың  алдыңғы  қатарындағы  елдердің  білім  дәрежесімен 

теңесу  –  еліміздің  біліми  саясатының  негізгі  көздегені.  Дамыған  елу  елдің 

қатарына  енудің  алғы  шарттарының  бірі  де  осы  сапалы  да  бәсекеге  қабілетті 

білім.  


 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет