2. СПОРТ АЛАҢДАРЫНА, АЯҚ КИІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Спорт алаңының айналасы тегіс көгалдандырылуы қажет. Көгал шаңның
болмауына, сонымен қатар ауаның таза болуына көмектеседі.
Спорт алаңында: ұзындығы 60 м, көлемі 5 м жүгіру жолы, ұзындыққа,
биіктікке, секіретін орын, ойын, жаттығулар өткізілетін орынмен жабдықталу
қажет.
Жүгіру жолы тегіс болуы қажет. Жүгіру жолы стандарттық талапқа сай
жасалуы қажет. Жүгіру жолында отыз, алпыс, жүз метрлерге бөлу, сөре.мәре
аймақтары нақты белгіленеді.
Аяқ киім - ол ағзаны салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды
механикалық жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына
табан құрамын дұрыс ұстау үшін жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің
дұрыстығына, жастардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның
көптеген ауруларының және дұрыс қалыптасуының себебі болып табылады.
Гигиеналық тұрғыдан аяқ киім - адам ағзасын қолайсыз әсерлерден және
жарақаттанудан сақтауы керекадам ағзасының анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктеріне (әсіресе табанның) сәйкес болуы керек; табанға қажетті
қолайлы микроклимат қалыптастырып, қоршаған ортаның микроклиматтық
жағдайларына қарамастан, қажетті температуралық-ылғалдылық тәртібін
сақтауға жағдай жасауы керек. Дене шынықтыру сабағына киетін аяқ киім
(красовка) аяққа ыңғайлы болуы керек. Аяқ киім табанды қысып, қан және
лимфо айналуын бұзып, аяқтың табиғи дамуына кедергі келтірмеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |