4.4. Ептілік
Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез
меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу
қабілеттілігін ептілік деп атаймыз. Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары:
жаңа немесе жаңадан пайда болған элементттері бар спорттық, қозғалмалы
ойындар, гимнастика акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды
қайталау ептілікті дамытпайды,. Сондықтан оқытушы әрбір дене тәрбиесі
сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін
жаңалап үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың
бірінші жартысында өткізген дұрыс, өйткені студент ағзасы болдыра
бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді. Ептілікті дамыту әдістері:
қайталау, ойын, жарыс әдістері.
Ептілік - спортшының өз қозғалысын бір жерге жинақтап, басқа козғалыс
әрекеттерін меңгерумен анықталады. Жүгіру, секіру және лақтыру жақсы
ептілікті дамытады.
4.5. Икемділік
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін
икемділік дейміз. Икемділік белсенді және енжар болады. Икемділікті
дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Ол жаттығулар мынандай
түрлерде орындалады: қарапайым созылу, серіппелі созылу, сермеу, дене
қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу т. с.с. Икемділікті дамытудың
негізгі жолы қайталау әдісі. Сонымен бірге ойын, жарыс, шеңберлі орындау
әдістері қолданылады.
Икемділік
- әсіресе кедергімен жүргірушілер мен секірушілерге керек.
Икемділік буындардың қозғалысы, сіңір мен бұлшық еттердің байланысына
тәуелді. Жеңіл атлетикада буындардың жұмсақтығына байланысты үлкен
көлемде жаттығулар орындап, лақтыру және секіру, жүгіру техникасын үздік
меңгеру қажет. Икемділік жалпы дене шынықтыру дайындық барысында
жетілдіреді.
|