Казахстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/57
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#110800
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
6. СПОРТ ТҮРЛЕРІ 

 

6.1. Қимыл-қозғалыс ойындары 

 

Қимыл-қозғалыс  ойындары  –  жан-жақты  дене  шынықтыру  тәрбиесінің 

әрекет етуші құралдарының бірі.  

Қозғалмалы  ойынның  өткізілу  шарты,  ережесі,  ойыншылар  саны  әртүрлі 

болуы мүмкін. 

Ойлаушылардан арнайы дайындық қажет етілмейді. Қозғалмалы ойынның  

атауы әр жерде (әр жағдайда) түрлі нұсқасы бар. 

Қозғалмалы  ойындар  студенттік  жаста  пайдалы  маңызды  және  демалуға 

көмектеседі,  дене  жаттығуларымен    айналысып  жатқан  студенттің  бұлшық  ет 

күшін  нығайтады.  Оқытушылардың  мақұлдауымен  қозғалыс  ойындарын 

қолданылған кезде олар студенттерге мақсатты қабылдау, жүйелілік, логикалық 

ойлау, қиялды жетілдіруге, еркін қозғалмалы активтілікті, спортпен айналасуға 

қызығушылықты оятуға көмектеседі. Өнегелі қаиеттерді, ұжым қызығушылығы 

үшін  өз  қызығушылығын  құрбан  етуді  үйретеді.  Дене  тәрбиесі  сабағында 

кейбір қозғалмалы ойындарды қолдану жеңіл атлетика (жүгірісті эстафета мен 

вариант),  волейбол  (ауа  толтырылған  доптармен,  секіргіштермен  ойын), 

баскетбол  бойынша  (бестіктер  жаулайды)  көмекші  жаттығу  ретіндегі 

бағдарлама болып көрсетіледі. 

Қозғалыс  ойындары  –  адамдардың  шындықпен  өрілген  алыс  күндерін 

меңзейтін,  болмыстың  өзінен  туындайтын  және  соны  жастардың  танып-

білуімен,  түсінуіне  арналған  ақыл-ой,  қиялының  өрелі  өрісі  яғни  ол  жарқын 

күнбе-күнгі адам тұрмысының көрінісі. Сондықтан адамның өзі, оның тұрмыс-

тіршілігі қандай шындық болса ол жасаған ойын да сондай болмыс шындығы. 

Қозғалыс  ойындары,  сайып  келгенде,  адам  қиялы,  фантазиясы  арқылы  өмір 

шындығының адам санасында түрленіп, қайта тууы болып табылады. Өйткені, 

ойын  дегеніміз  адамның  еңбек  тәжірибесінің  сол  ойын  арқылы  қайталануы. 

Олай  дейтініміз,  ол  белгілі  бір  жүйеге  негізделген  адамдық  дене,  ақыл-ой 

жаттықтырушысы. 

Тәрбиенің  мақсаты  –  жеке  адамды  қалыптастыру,  рухани  дамыту,  өз 

мүддесі  мен  қоғам  мүддесін  ұштастыра  білетін,  зиялы,  жүгін  ілгері  апара 

білетін жастарды тәрбиелеу. 

Спорттық секциялардағы сабақтарда қозғалмалы ойындар жаттықтыратын 

бірден  бір  жаттығуларына  айналады.  Жаттығуға  кіретін  үлгілі  ойындар; 

қарсыласпен  жанасатын  топтық  ойындар,  жүгірісті  және  қосымша 

тапсырмалары  бар  эстафета,  ойын  жарыстары  –  бір  орында  тұрып  түрлі 

заттарды  беру.  Қарапайым  ойындардың  бірнеше  түрі  (“ауа  добы”  –  волейбол 

сабағында). 

Ойын  таңдау.    Ойынды  өткізуге  дайындау  оны  таңдаудан  басталады. 

Сабаққа  ойынды  таңдай  отырып,  оның  негізгі  тапсырмаларын  ескеру  керек. 

Ойынды  таңдау  өткізілетін  орын  да  әсер  етеді.  Спорт  алаңында,  далада  кең 

ауқымды талап ететін жүгірісі, секірісі бар ойындарды қолдану керек. Ойынды 



15 

 

таңдай  отырып,  оның  сюжеті  жыл  мезгіліне  сәйкес  келуі  тиіс.  Мысалы, 



көктемде “Құрбақа мен көкқұтан”, ал қыста “Екі аяз”. 

Ойынға  дайындық.  Ойынды  таңдап  алып,  оқытушы  оның  өту  ретін 

ойластырады,  яғни  ойнаушыларды  қалай  орналастыру,  рольдерін  қалай  бөлу, 

ойынды  қалай  түсіндіру,  ойын  кезінде  қандай  студентке  беру,  ауыртпалықты 

қалай  реттеу  және  т.б.  Ойынның  жемісті  болуы  оның  түсіндірілуіне  

байланысты. Түсіндіру қысқа, эмоциялы болуы тиіс. 

Ойынды  басқару.  Ойын,  оның  басталуы,  ойын  әрекеттері  кезінде  тоқтау, 

бітуі,  әрқашанда  белгілермен  жүреді.  Белгілер  дыбыстық  (ысқыру,  шапалақ, 

сөздер) және көрінетін (қолды, жалауды сілтеу) болуы мүмкін. 

Ойынның  аяқталуы.  Ойынды  ойыншылар  жақсы  физикалық  және 

эмоциалдық  ауыртпалық  алғанда  тоқтату  керек.  Студенттерді  тәртіппен 

ұйымшылдыққа үйрету үшін, ойынды бастаған сәттегі жағдайға  қайта оралып 

аяқтау  керек.  Енді  біраз  сабақта  ойналатын  қимыл-қозғалыс  ойындарын 

ұсынғым келіп отыр. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет