Секіру арқылы жасалатын ойындар
“Қармақ”
Ойынға қатысушылар шеңбер болып тұрады. Шеңбер ортасында
жүргізуші тұрады. Ол қолына бір ұшына зат байланған жіп ұстайды.( Ол бір
шетіне пластмассадан жасалған бөтелке байланған секіргіш болуы мүмкін).
Жүргізуші зат олардың аяғына тиіп кетпейтіндей етіп айналдырады. Кімнің
аяғына заты бар жіп тисе сол жеңілген болып саналады. “Қармақ”
ойыншылардың біреуіне тиген кезде аз ғана үзіліс жасалады да, ойын
жалғасады. Қармақ бір де бір рет тимеген адам жеңіске жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |