“Қозғалмалы мақсат”
Ойыншылар бір бірінен 2-3 қадам қашықтықта үлкен шеңбер құрады.
Шеңбер болып тұрған ойыншылар алдынан сызық жүргізіледі. Шеңберге
жүргізуші кіреді. Айналасындағылар жүргізушіге волейбол добын тигізуге
тырысады. Жүргізуші шеңбер ішінде жүгіріп, доптан қашады.Жүргізуші доп
тигізген ойыншы, соның орнына тұрады. Жүргізушінің рөлін бірнеше рет
атқарған қатысушы – жеңімпаз.
Ереже:
1.
Шеңбер сыртында ойыншыларға сызықты басуға болмайды.
2.
Егер доп шеңбер ішінде қалып қалса жүргізуші кез келген ойыншыға
лақтырады.
3.
Егер доп ұшып келе жатып, тізесінен төмен тисе, тиген болып
есептеледі.
4.
Егер жүргізуші допты ұшып келе жатқанда қағып алса, тигенге
жатпайды.
5.
Егер жүргізуші қағып алу мақсатында қолынан шығарып алса, жанап
кетсе, жүргізушу ауысады.
6.
Допты қатты лақтыруға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |