Ағаш аяқпен қарсы жүру эстафетасы
Алаңға бір-бірінен 50 қадам қашықтықта екі жолақ жүргізіледі.
Жарысатын команда ойыншылары реттік нөмірмен белгіленеді. Тақ және жұп
нөмірлі ойыншылар бір-біріне қарама-қарсы сызылған екі жолақтың бойына
тұрады. Командадағы бірінші нөмерлі ойыншыларға ағаш аяқ беріледі.
Төрешінің белгісі бойынша, бірінші ойыншылар ағаш аяқтарға мініп қарсы
жолаққа дейін жүреді. Сосын олар ағаш аяқтарды келесі нөмірлі ойыншыға
береді, ол сол қашықтықта кері жүріп, үшінші ойыншыға береді. Эстафетаны
ерте аяқтап, ағаш аяқтарды төрешіге тапсырған команда жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |