Казахстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет52/57
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#110800
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Арнайы жаттығулар

 

1.Алаңда орын ауыстыра білу 

Алғашқыда  асықпай  орынды  ауыстыра  білуге  дағдылану.  Оқытушының 

ысқырығы  арқылы  бір  мезгілде  алаңда  орынды  тез  ауыстыра  білуіне  көңіл 

бөлу.  


2.Волейболшының тұрысын қайталау. 

Допты  солдан,  оңнан,  алдан,  арттан  қабылдау,  алға,  артқа,  оңға,  солға 

жүру.  Волейболшының  тұрысымен  допты  астынан  қабылдау  кезіндегі  қолдың 

және  аяқтың  қалпы.  Допты  солдан,  оңнан,  ортадан  арттан  қабылдау,  алға, 

артқа, оңға, солға жүру. 

  

 



3. Допты астынан беру. 

Допты солдан, оңнан солдан, оңнан , арттан, ортадан қабылдау, алға, артқа, 

оңға, солға жүру. 

1.  Бір  орында  доппен  жаттығу:  допты  астынан  қабылдауға  арналған 

жаттығу: допты жоғары лақтыру, оны қабылдау. 



46 

 

2.Допты жоғары лақтырып, оңға – солға бұрылып астынан қабылдау. 



3.Допты астынан қабылдауда алға артқа секіру. 

4.Допты алға жоғары лақтырып, биіктен беру. 

5.Допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биіктен беру. 

  

4. Доппен жүру жаттығулары: 

1. Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау. 

2.Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау. 

3.Оңға – солға секіру. 

4.Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру. 

5.Шеңбер  бойы  жүруде  допты  жоғары  лақтырып,  оңға-солға  бұрылып, 

биікке беру. 

6.Допты беруде оңға-солға секіру. 

 

Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту. 

1. Студенттер бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты 

жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру. 

2. Бір студент допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. 

Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. 

Допты қарсыласының қолына дәл беру керек. 

3. Студент допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан 

қабылдап, ұстап қайта береді. Допты төменнен қабылдауды меңгерту 

4. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу 

тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға. 

5. Бір ойыншы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен 

қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын  қадағалау. 

6. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі 

студенттер допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі студенттер  допты 

төменнен қабылдау. 

 

Допты төменнен қабылдауды меңгерту 

Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. 

Бір  студент  құрбысының  қолына  береді,  ол  допты  төменнен  екі  қолмен 

қабылдап, қайта береді. 

Арақашықтық  8-10  м.  студенттер   қарама-қарсы  тұрып,  бірінші  номерлі 

оқушылар  допты  жоғарыдан  қабылдап,  екінші  номерлі  студенттер  допты 

төменнен қабылдау. 

Волейбол ойынына қатысты арнайы жаттығулар жасату. 

Әр студентке доп беріп жаттығу жұмыстарын жасату 

Әр екі студентке бір доп беріп, өзара доппен ойнауын қадағалап үйрету 

Допты кеудемен зырғанап алу тәсілін үйрету 

Допты бір-біріне жоғардан беру тәсілін үйрету 

Допты бір-біріне төменнен беру тәсілін үйрету 

Допты жанынан беру тәсілін үйрету 



47 

 

Тордан доп ұру тәсілдерін үйрету 



Торда қарсылас ойыншыға тосқауыл қою тәсілін үйрету 

Мынадай жағдайларда ұшып келе жатқан допты қабылдайтын команда 

қате жіберген болып табылады: 

1.

 



Доп жерге түссе; 

2.

 



Команда допқа үш реттен артық қол тигізсе

3.

 



Доп лақтырылса, қолда кідіріп қалса

4.

 



Доп дененің кез-келген белден төмен жеріне тисе; 

5.

 



Ойыншы торға тиіп кетсе

6.

 



Қарсы  жақтағы  допқа  ойыншының  қолы  тисе;  оп  ойынға  қосып  тұрған 

команда мына жағдайларды қате жіберген болып, доптан айырылады: 

1.

 

Доп кезексіз (төрешінің рұхсатынсыз) ойынға қосса; 



2.

 

Допты арнаулы орыннан ойынға қоспаса; 



3.

 

Допты  ойынға  қосқан  кезде  сол  ойыншы  алаңның  сызығын  басып  тұрса 



немесе ішке еніп кетсе

4.

 



Ойынға  қосылған  доп  бағанаға,  торға  тиіп  немесе  алаңнан  шығып  кетсе; 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет