5.2. Сот процестерінің пайда болуы. Тарих бойынша алдымен барлық азаматтың істері талап бойынша претор өзі шешкен. Ал осындай талаптар көбейгенде претор өзінің сот міндеттері орындалмайтын болған. Сонда претор осы талаптарды алдымен өзі негізімен қарап, аяғымен шешу үшін басқа азаматтарға тапсыратын болған. Бұл азаматтар арбитр (arbitrum) деген атағын тапты. Сонымен соттық процессі екіге бөлінген. Біріншісі – in ius делінген. Бұл саты (стадиясы) претор алдында өтетін. Претор талапкерді тыңдап, оның айтқан себептеріне ұғым жауапкершіні шақыратын. Оны да тыңдап, айғақтар болса оларды да жинап өз пікірін шығарған. Бірақ, ақырғы шешімді шығарған жоқ. Бұл саты арбитрді тағайындаумен аяқталған. Арбитр болу қай Рум ерікті азаматтардың ішінде мүмкіндігі болатын. Әрине арбитр болған жоқ. Әрбір іске претор жеке арбитрді тағайындаған.
Тағайындалған соң арбитр іске кірісетін. Бұл саты in indicium делінген. Бұл сот процестің барлық қатысушыларды тыңдап алып, барлық айғақты заттарды өлшеп, салыстырып өзінің шешімін шығаратын.Арбитрдің шешімі үзілді-кесілді ақырғы болатын. Бұл шешімге шағы беруге болған жоқ.
Тарих бойынша сот процессі үш түрлі болатын.