Казахстан тарихы 6-11 сынып алфавит


Орск бекінісінің негізі салынды: 1735 жылы



бет28/54
Дата23.04.2020
өлшемі0,5 Mb.
#64482
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Байланысты:
2485 sp testent 2011

Орск бекінісінің негізі салынды: 1735 жылы.

Орта жүздің найман руының сұлтаны Құдайменді Қытаймен сауданы тұрақтандыру үшін және сауда керуендерін аттандырып тұруға рұқсат алу мақсатында өзі ұлы Ғабдолланы Петербургке жіберді. Жәміш бекінісінен Қытайға дейін.

Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің қайтыс болған жылы. 1771 жыл.

Орынбор әкімшілігі Есет Көтібарұлын ұстауды жүктеді: Арыстан Жантөринге.

Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатайдың жала жабылып сотқа тартылған жылдары: 1817-1823 жылдар.

Орынбор қазақтарын басқару туралы Жарғысы қабылданды: 1824 жылы.

Орынбор қаласының негізі қаланды: 1743 жыл.

Орынбордағы әскери училище 1844 жылы қайта құрылды: Неплюев кадет корпусы.

Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалауға берілді: 1906 жылы.

Орыс әскерлері Бұхар хандығының жеріне басып кірді: 1866 жылы.

Орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімшелері ашылды: 1845 жылы.

Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» әсер еткен оқиға. «Қанды жексенбі» (1905 жылы 9 қаңтар).

Өмірінің соңғы жылдары Абылай ханның кеңесшісі болған: Бұхар жырау.

Өскемен бекінісі салынды: 1720 жылы.

Патша 1815 жылы Орта жүзге екінші хан етіп тағайындады: Бөкейді.

Патша үкіметі Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың мал жаюына алғаш рет ресми шек қойды: 1756 жылы қыркүйек.

Патша үкіметі Жайық өзені бойында қазақтарға мал жаюға тыйым салды: 1742 жылы қазан.

Патша үкіметі Қазақстанда саяси бағыттағы бірқатар әскери шараларды іске асырды: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары.

Патша үкіметі қазақтарды өз шеңгелінде мейілінше қысып ұстауға тырысу себебі. 1740 жылғы башқұрт халқының екінші көтерілісі.

Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі. Жазалаушы отрядтардың бассыздығын жою, алым-салық жинау сияқты Кенесары талаптарының орындалмауы.

Патша үкіметі Нұралы ханды өзіне тарту үшін: Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды.

Патша үкіметінің Жайықтың оң жағына өтуіне, мал жаюына рұқсат беруге шешім қабылдады: 1801 жылы 11 наурыз.

Патша үкіметінің Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездеткен жағдай. Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.

Патша үкіметінің Исатайды ұстап тірідей әкелген адамға берілетін сыйы. 1000 сом.

Патша үкіметінің Кіші жүз руларыныдағы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдеткен шешімі. Жайық пен Еділ арасында қайта қоныстануға рұқсат беруі.

Патша үкіметінің Кіші жүзде хандық кеңесті құру себебі. Сырым батырды өзіне жақындатуға тырысты.

Петербург университетінің заң факультетін бітірген, Семей облысынан шыққан алғашқы кәсіпқой қазақ заңгері. Жақып Ақбаев.

Петропавл қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландырумен жұмыс істеді: 1910 жылға дейін.

Польша азаттық күресінің өкілі Адам Бяловский Семей облысында айналысты: Өскемен уезінің геологиялық картасын жасаумен.

Польша азаттық күресінің Семей жерінде болған белгілі өкілі. С.С.Гросс.

Польша азатық күресінің 60-жылдарда Қазақстанда болған өкілдері ішінен ерекше көзге түскені: С.С.Гросс.

Польшадан Қазақстанға жер аударылған Густав Зелинскийдің поэмасы. «Қырғыз» («Қазақ»).

Пугачев бастаған шаруалар соғысының басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы. А.В.Суворов.

Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылға қазан айында Орта жүз қазақтары топталып бекіністерге шабуыл жасауға талаптанды: Пресногорьковск маңында.

Пугачев көтерілісі кезінде патша үкіметінің алдында екі ұшты қимылын жуып-шаюға тырысқан Нұралы ақталды: Кіші жүз қазақтары маған бағынбады деп ақталды.

Пугачев көтерілісі кезіндегі көтерілістің кесек басшыларының бірі, байбақты руынан шыққан: Сырым Датұлы.

Пугачев өкілдері жеткізген үндеумен танысқан соң, өзіне жақын старшындармен келісіп, соғысты қолдауға шешім қабылдаған белгілі би. Дәуітбай.

Пугачевқа көмек ретінде өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп қарулы топ жіберген, шаруалар соғысын қолдаған сұлтан. Досалы сұлтан.

Райым (Қазалы) бекінісі салынды: 1847 жылы.

Райым бекінісінің қазіргі атауы. Қазалы.

Ресей империясындағы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет үкімет шешімінде бекітілді: 1870 жылы.

Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқаны туралы І Александр патшаның арнайы манифест-үндеуі қабылданды: 1812 жылы шілденің 6-сы күні.

Ресей мен Қытай үкіметінің арасында Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы шілде айының 25-і.

Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланысына кең жол ашқан келісім. Петербург шарты.

Ресей Сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөніндегі арнайы жарлық қабылдады: 1742 жылғы мамыр айының 20-сы.

Ресей үкіметі орыс-казактарының санын көбейту мақсатымен 1760 жылы Доннан, Башқұрт жерінен Қазақстанның солтүстік-шығысына әкеліп қоныстандырды: Казактарды.

Ресей үкіметіне Таушүбек бекінісі қантөгіссөз берілді: 1851 жылы 7 шілде.

Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталған уақыт. ХІХ ғасырдың 60-жылдардың ортасы.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі жанындағы «Азия комитетінің» құрылған уақыты. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары.

Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай алдымен көз тіккен аймақтар. Жетісу және Іле өңірі.

Ресейлік бұйымдарды сатып «Үлкен Тибетке» алғаш рет жеткен грузин көпесі. Семен Мадатов.

Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі, ақын. Абай Құнанбайұлы.

Семей облысынан Мемлекеттік думаға сайланған, кейіннен сайлаушылар мүддесінен ауытқып кеткен тұлға. Н.Я.Коншин.

Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылады: Үмбетей жырау.

Столыпин аграрлық саясаты қарсаңындағы Ақмола облысындағы қазақтардың үлесі. 36,6%.

Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер. Қаракәстек.

Сүйінбай Аронұлы өмір сүрді: 1822-1895 жылдары.

Сырым Датұлы басқарған көтерілістің қайта жандануына түрткі болды: 1796-1797 жылдардағы қысқы жұт.

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс созылды: 14 жылға.

Сырым Датұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы: Патша үкіметінің Жайықтың оң жағына өтуіне, мал жаюына рұқсат етуі.

Сырым Датұлы бастаған көтерілісі қамтыды: Кіші жүзді.

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған жылдар. 1783-1797 жылдар.

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің басты қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.

Сырым Датұлы көтерілісі кезінде Айшуақ сұлтанның Назаровтың қолына түскен уақыт. 1785 жыл.

Сырым Датұлы қайтыс болды: 1802 жылы.

Сырым Датұлы старшын болған Кіші жүз руы. Байбақты.

Сырым Датұлының Орал казак әскерлерімен ашық арпалыс жолына түсуі басталды: 1783 жылы күзден.

Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанға он жылдан кейін берілетін атақ. Дворяндық.

Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтандар сайланды: Үш жылға.

Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанды сайлады: Тек сұлтандар ғана.

Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауыл старшыдары сайланды: Үш жылға.

Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауылға кірген шаңырақ саны. 50-70.

Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша мұрагерлікпен берілді: Болыстық билік.

Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша Орта жүзде орнаған басқару сатысы. Үш буынды.(ауыл, болыс, округ)

Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша Шекаралық басқарма төрағасы ие болды: Шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына.

Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды: Шекаралық басқарма төрағасы.

Сібір қазақтарының Жарғысы болыс: 10-12 ауылдан тұрды.

Сібір қазақтарының Жарғысы қабылданды: 1822 жыл.

Сібір қазақтарының Жарғысы негізінде қылмыстық істер қаралды: Округтік приказда.

Сібір қазақтарының Жарғысы Ресейдің әкімшілік сатысындағы 12-класқа жататын шенеуніктерге теңестірілді: Болыстық сұлтандар.

Сібір қазақтарының Жарғысының авторы. М.М.Сперанский.

Сібір қазақтарының Жарғысының авторы-декабрист. Г.С.Батеньков.

Сібір қазақтарының Жарғысының басты мақсаты. Қазақстанның солтүстік-шығысын әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.

Сібір қазақтарының облысы (Орта жүз) бағындырылды: Батыс Сібір генерал-губернаторлығына.

Сібір темір жолы іске қосылды: 1894 жылы.

Т.Г.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі. «Менің ойларым».

Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген: Е.П.Михаэлис.

Тәттімбет Қазанғапұлының халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелерді сынауға арналған күйі. «Бестөре».

Түркістан статистикалық комитеті құрылған жыл. 1868 жыл.

Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған жылдары. 1847-1857 жылдар.

Ұзынағаш жеріндегі орыс әскерлерінінің Қоқан әскерін жеңген шайқас болған уақыт. 1860 жылы қазан айының 19-21 күндері.

Ұйғыр халқының ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіші: «Он екі мұқам».

Ұлы жүз жеріндегі Қоқан хандығының тірегі болған бекініс. Таушүбек.

Ұлы жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға көшкен жыл. 1855 жыл.

Ұлы жүзді басқару жөніндегі ресейлік пристав тағайындалған жыл. 1848 жыл.

Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын біраз уақытқа дейін билігінде ұстады: Қоқан хандығы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет